Алматы қаласында өткен ел біріншілігінде Аманғали Бекболатов сәтті өнер көрсетті. Жерлесіміз грек-рим күресінен қола медальға қол жеткізді.
Боз кілемде 55 келі салмақта күрескен балуандардың арасында Жамбыл облысының спортшысы Жансерік Сәрсенбиев жеңімпаз атанса, алматылық Қорлан Жақанша екінші орынға ие болды. Ал елордалық Мәрлен Мұқашев пен солтүстікқазақстандық Аманғали Бекболатов үшінші орыннан көрінді. Аманғали бұл додада тек алтын медальды мақсат еткен еді. Алайда «жеңіс бар жерде, жеңіліс те бар дейді», ол. Жерлес саңлақ алдағы уақытта қатемен жұмыс істеп, келесі сайыстарға мықтап дайындалмақ.
АМАНҒАЛИ БЕКБОЛАТОВ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:
- «Жарыс ойдағыдай өтті деп айта алмаймын. Басты мақсат- алтын болған. Бірақ та Аллаға шүкір үшінші орынға табан тіредік. Енді келесі жылы бұдан да мықтырақ болып барып,жақсы өнер көрсетуге тырысамын. Жартылай финалда өзімнің қателігімнен қарсыласыма сөйтіп ұтылдым. 4-секунд қалған кезде өзімнің қателігім.»
Жақында Сербияда грек-рим күресінен Әлем кбуогы өтеді. Бірақ, оған қазақ балуандары коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты қатыспайтын болды.
Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ