ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

АТА-АНАЛАР СПАРТАКИАДАСЫ

17:55, 19 желтоқсан 2018

«Білім-Инновация» лицейі тәрбиеленушілерінің ата-аналары ұстаздармен тығыз қарым қатынас орнатып,  балалардың оқуы мен тәрбиесіне белсенді қатысады. Дәстүрлі республикалық спартакиада осының айғағы. Биылғы іс шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналып, ата-аналардан құралған командаларды алғаш рет Петропавл қабылдады.

Спорттық киім, жарыс алдындағы жаттығу мен қобалжу кәсіби спорттағыдай. Алайда сап түзеген бұл шымыр әрі шыныққан спортшылардың барлығы түрлі салаларда қызмет етіп жүрген азаматтар. Араларында дәрігер, заңгер, полицей, зейнеткер және тағы басқалары бар. Бәрін біріктіретіні балалары. Олар -  «Білім-Инновациялық» лицейде оқиды.

ЕРДЕН ЖАҚСЫМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Рухани жаңғыру аясында ата-аналар арасында  салауатты өмір салтын насихаттау, және ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және мектептер арасында тәжірибе алмасу негізгі мақсатымыз осы. Ата-аналармен тығыз жұмыс істеп, тек жиналыстарға емес, спорттық іс-шараларға, мектептік кез келген іс шарасына шақыру басты ерекшелігіміз. Сондықтан сонау Жезқазғаннан Екібастұз, Павлодардан келгендерге алғысымыз шексіз.  

Спартакиадаға жергілікті және  Астана, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай мен Екібастұз қалаларынан 10 команда жиналды.  Спортқа деген сүйіспеншілігін көрсетіп, балаларына үлгі болам деген ата-аналар өзара волейбол,  үстел теннисы мен шахматтан жарысты.   Жезқазған құрамасының мүшесі Ардақ Жаркешев аталған спорт түрінің бәрімен де айналысады. 8 сыныпта оқып жүрген ұлы Айбол да әкесін үлгі тұтып, волейболмен шұғылданады. Бүгін ол  лицейдің волейбол командасының мүшесі.

АРДАҚ ЖАРКЕШЕВ, ЖЕЗҚАЗҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙІ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер дейді ғой. Ұлдарға үлгі болайық деген ниетпен келіп отырмыз. Өзім шахмат, волейбол, баскетболмен айналысам. Бүгін шахматтан жарысқа түсем. 

Дәстүрлі спартакиада әуелі тек воллейболдан ғана ұйымдастырылатын. Сондықтан бұл спорт түріне басымдық берілген. Командалар жарысқа көп дайындалып, ең мықты спортшыларын ұсынды. 

- Лицейдің басшылығы ұйымдастырған волейболдан өзіміздің бірнеше жыл  бойы жаттығып келе жатқан  командамыз бар. Соңғы жарыста Астана  қаласында болған біз бірінші орынға ие болдық.

- Өзінің тәрбиелік мәнісінде әр жұмада үш рет жиналып дайындалып отырамыз. Жыл бойы. Бұған дейінгі барлық жарыстарға қатыстық.  

Спартакиада нәтижесі бойынша Астаналық ата-аналар волейбол мен үстел теннисінен үздік атанды. Ал екібастұздықтар ақыл-ой спорты - шахматтан ешкімге дес бермейтіндерін көрсетті.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар