ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

БАНКИАДА-2019

14:43, 11 маусым 2019

Петропавлда банк қызметкерлері арасында шағын футболдан «Банкиада-2019» турнирі басталды. Жарысқа облыс орталығындағы барлық банк мекемелері мен филиалдары қатысып жатыр. Толығырақ әріптесім айтып береді.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

Облыс орталығында жыл сайын өтетін шағын футболдан «Банкиада-2019»   турнирі басталды.  Дәстүрлі өтетін додаға биыл 12 команда ниет білдірген. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ «Халық банк» құрамасы «Каспи» командасын айқын басымдықпен ұтып, турнирлік кестеде алдыңғы қатарға шықты.

Ойынның қорытындысы бойынша таблодағы нәтиже19-0 есебімен аяқталды. «Halyk bank» құрамасының ойыншысы  Данияр Балгашуковтың сөзінше, олар бұл турнирге жылда қатысады. былтыр күміс медальды жеңіп алыпты. Биыл да команда жүлделі орындардан көрінуге дәмелі.

ДАНИЯР БАЛГАШУКОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Бұл турнир командалық рухты көтереді, ауызбіршілікті нығайтады. Жыл сайын ең мықты деген команда биіктен көрінеді. Өзіміз биылғы жарысқа қыс мезгілінен дайындала бастадық. Бүгін оның жемісін көріп отырмыз. «Каспилықтарды» жеңдік. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Және де барлығы  жарақатсыз өтсін.

Биылғы жарысқа 200-ге жуық адам қатысып жатыр. Жалпы, қаржыгерлер арасында шағын футболдан турнир 20 жылдан астам уақыт үздіксіз өткізіліп келеді.

ДИАС МЭЛС, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ СҚФ ДИРЕКТОРЫ:

Басты мақсатын айта кетсек, біз осы жас ұрпақты спортқа тарту, футболды үйрету спортқа кішкене жарысқа тырысу дегендей. Осы мақсатпен өткізіп, жыл сайын мини футболдан және басқа да спорт түрінен банк аралық жарыстарды өткізіп жатырмыз. 

Турнир 5 күнге жалғасады. Жеңіс тұғырынан көрінгендерге кубоктар медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ТАЗА АУАДА  ЖАТТЫҒУ  ЖАСАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
20:43, 2 шілде 2020
ТАЗА АУАДА ЖАТТЫҒУ ЖАСАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАДЫ
17:28, 30 маусым 2020
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...