ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

БАСКЕТБОЛДАН СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

18:08, 21 қаңтар 2020

Петропавлда жасөспірімдер арасында баскетболдан спартакиада басталды. Қалалық сайысқа мектеп оқуышыларынан жасақталған командалар қатысып жатыр. Іріктеу кезеңінен 18 құрама алға суырылып шықса, ал бүгін олардың тек 16-сы финалға жолдама алды.  

Петропавлда жасөспірімдер арасында баскетболдан спартакиада өткізу игі дәстүрге айналған.   Биыл барлық қала мектептерінің 9,10,11 сынып оқушылары қатысуда. Спортшылар 5 күн бойы өз араларында мықтыны анықтайды.

ПАВЕЛ АНТОНИНКО, БАС ТӨРЕШІ:

- Қаламыздың ең үздік командасын анықтаймыз. 1-ші күні іріктеу кезеңі болды. Аталмыш турдан 18 команда үздік шықты. Ал бүгін олардың тек 16-сы ғана ақтық сынға жолдама алды.

Данила Рошков нөмір 43 орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Баскетболмен айналысқанына 8 жыл болыпты. Даниланың командасы 2018 жылы жасөспірімдер арасында баскетболдан Қазақстан  чемпионатында  жеңіске жеткен. Жас спортшылар биыл да бірінші орыннан дәмелі.

ДАНИЛА РОШКОВ, СПОРТШЫ:

- Бұл командамен біз көптеген сайыстарда жеңіске жеткенбіз. Қазір құрамымызда 8 адам. Бүгінде жақсы дайындықпен келдік. Мектебіміздің намысын қорғаймыз. Өзім 11 сынып болсам да, сабақ пен спортты қатар алып жүре аламын. Болашақта да баскетбол ойнайтын боламын.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен мектеп командасы облыстық кезеңге өтеді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС КАРАТЕШІЛЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
13:07, 18 ақпан 2020
ЖАС КАРАТЕШІЛЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар