ШҰҒЫЛ! ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

20:48, 15 қаңтар 2020

Облыс орталығында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық чемпионат басталды. Тартысты сайысқа қатысуға өңірдің түпкір-түпкірінен 140- қа жуық спортшы ниет білдірген. Олар 15 түрлі салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Жарыстың ашылу салтанатына әріптесім Нұрбол Балғабеков қатысып қайтты.

Биылғы  облыстық жарысқа 13-14 жастағы спортшылар қатысып жатыр. Арасында осалы жоқ. Барлығының көздерінде намыс оты жанып тұр. Ұйымдастырушылардың сөзінше бұл чемпионатта үздік атанған жас боксшылар облыс құрамасы сапына алынып, кейін республикалық додаларда өңір намысын қорғайды.  

ВИКТОР ОКОВАНЦЕВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

2006-2007 жылы туған жасөсіпірімдер арасында республикалық дода қаңтар айының соңында ұйымдастыралады деп жоспарланып отыр. Әзірге ол қай қалада өтетіні белгісіз. Ел чемпионатына тек үздіктерді іріктеп аламыз. Жалпы, боксшылар осы жарыстың арқасында көп тәжірибе жинайды. Шыңдала түседі. 

Дәл қазір  шаршы алаңда 40 келі салмақ дәрежесінде Камиль Сафин атындағы бокс мектебінің тәрбиеленушісі Батырхан Марат пен Жамбыл ауданының спортшысы Мағжан Шәкібай жұдырықтасып жатыр. Қос спортшы да жауапты додаға мықтап даярланған. Бірақ, қызыл бұрыштағы Батырханның соққан соққылары қарсыласына дөп тиіп, төрешілердің шешімімен жеңіс тұғырынан көрінді.

БАТЫРХАН МАРАТ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Мен осы бокспен екі жарым жыл айналысып жүрмін. Осы боксты таңдаған себебім мен осы әлемдік деңгейде бокстасып жүрген боксшыларға қарап, өте қатты қызықтым. Олардың айла-тәсілдерін. Жалпы бокс маған қатты ұнады да осы спорттың түрін таңдап келдім. Облыстық жарыста екінші орын алып келе жатырмын. Тағы да басқа жарыстарда жақсы жетістіктерге жетіп жатырмын.

Облыстық жарыс екі күнге созылады. Финалдық ойындар сенбі күні өтеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 6 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:10, 11 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ 6 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
20:38, 10 қыркүйек 2020
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ МАУСЫМДЫҚ  ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
20:31, 14 қыркүйек 2020
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ МАУСЫМДЫҚ ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...