ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

17:22, 21 шілде 2020

Петропавлдық спотшылар жаттығуларын ашық аспан астында өткізуге мәжбүр. Бұл ел аумағында енгізілген карантиндік шектеу шараларына байланыст.  Қазір бассейндер мен аквапарктер, спорт залдар мен фитнес орталықтар уақытша өз жұмысын тоқтатқан. Кәсіби спортшылардың табиғат аясындағы жаттығуына арна тілшілері де қатысты.  

Солтүстікқазақстандық спортшылар үшін спорт залдардың жабылуы  жаттығуды жалғастыруға еш кедергі емес. Денені үйде немесе таза ауада да шыңдауға болады. Спортшылардың айтуынша, ашық аспан астындағы жаттығулар әлдеқайда тиімдірек.

ИВАН ВАН-ХОН-ТУН, СҚО ТАЙ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қазіргі уақытта біз  далада жаттығамыз, бұл біз үшін өте пайдалы.  Біз оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқандаймыз. Таза ауада жүгіріп,  қолды бүгіп жазу, отырып тұру жаттығуларын жасаймыз.

Тай бокс үйірмесіне 14 жастан жоғары спортшылар қатысады. Ашық аспан астындағы жаттығулар осымен  екі айдан астам жүргізіліп келеді.

ЕВГЕНИЙ ЗИМИН, СПОРТШЫ:

- Бұл спортқа досым арқылы келдім. 4 жыл өтті. Әуесқой спортшы болып қалғым келмейді, бар өмірімді спортқа арнап, биік белестерге жетемін деген ойдамын. Ол үшін көп жаттығу қажет. Мәселен, өткен жылы Қазақстан чемпионы атандым. Биыл әлем чемпионатына қатысқан едім, өкінішке орай жеңіліп қалдым.

Солтүстік Қазақстан облысының тай бокс федерациясы 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 5 солтүстікқазақстандық споршы Қазақстан құрамасына енген. Тай боксы-мен  қыз-келіншектер де жаттығады. Ильмира Кунахунова солардың бірі. Спортқа келгеніне 17 жыл болыпты.  

ИЛЬМИРА КУНАХУНОВА, СПОРТШЫ:

- Бұған дейін таэквондомен 13 жыл айналыстым, содан кейін тай боксына келдім. Таза ауада спортпен шұғылданған өте жақсы, тыныс алуға, төзімділікті жаттықтуруға мүмкіндік береді.

«Дені саудың - жаны сау», демекші кәсіби спортшылар ауруды жеңу үшін спортпен шұғылдануға шақырады. Ол үшін өңірде барлық жағдай жасалып отыр.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
17:27, 30 шілде 2020
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
Е. ПАВЛОВ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
17:28, 27 шілде 2020
Е. ПАВЛОВ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСАДЫ
17:25, 24 шілде 2020
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...