ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

Е. ПАВЛОВ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

17:28, 27 шілде 2020

Өткен жексенбі күні Белорусь астанасы Минск қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті.

Байрақты бәсекеге жерлесіміз Евгений Павлов қатысып, дебюттік жекпе-жегін өткізді. Ол екінші жеңіл салмақта Патрик Хорватпен жұдырықтасты. Шаршы алаңда шаршауды білмейтін солтүстікқазақстандық спортшы жекпе-жек барысында қарсыласын төрт рет нокдаунға түсіріп, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша, жас боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін сәтті бастады. Арна тілшілері Евгениймен байланысқа шығып, жеңісімен құттықтап, кездесудің қалай өткенін сұрап білді.

ЕВГЕНИЙ ПАВЛОВ, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:

 - «Кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегім жақсы өтті. Қобалжу болды әрине. Бірақ, шаршы алаңға шыққаннан кейін оның бәрі бірден ұмытылып кетті. Бапкерімнің тапсырмасын орындау үшін барымды салдым. Міне, соның арқасында қарсыласымды тізе бүктірдім. Жалпы, бұл додаға мықтап дайындалдық. Оқу-жатттығу жиындары Алматы қаласында ұйымдастырылды. Барлығы жоғары деңгейде болды. Кәсіпқой бокс кешін өткізген ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Жеңісімді қазақ еліне арнаймын.»

 

Тақырып бойынша материалдар

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
17:27, 30 шілде 2020
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСАДЫ
17:25, 24 шілде 2020
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...