ШҰҒЫЛ! ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА ҚОРЛАРЫ ТАУСЫЛЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ТУРНИР ӨТТІ

18:01, 13 ақпан 2020

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Абайдың 175 жылдығына орай еркін күрестен турнир өтті. Мұндай  жарыс биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Қала мектептерінің оқушылары, сондай-ақ облыс аудандарынан келген спортшылар ректордың кубогы үшін өзара бақтарын сынады. Сюжетке назар салайық.

Сайысқа алтыншы және он бірінші сынып аралығындағы оқушылар қатысты.  Турнирдің ұйымдастырушысы «Сұңқар» спорт клубы. Мұндай жарыстар жастарға өздерің жан-жағынан көрсетуге үлкен мүмкіндік дейді олар.

АЙДАРБЕК ҚЫДЫКЕНОВ, «СҰҢҚАР» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жарысқа Қызылжар, Мағжан Жұмабаев аудандарынан және спорт-мектеп интернатының сонымен қатар «Олимп» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысуда. Барлығы 6 кұрама.

Қамбар Иманов Мағжан Жұмабаев ауданының намысын қорғап келген. Үлкен жарыстарда тәжірибесі болмаса да өзінің қарсыластарын жеңу үшін қолымнан  келгенін жасаймын дейді.  

ҚАМБАР ИМАНОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ:

- Қарсыластарым осал емес. Алайда соған қарамастан мен барлық айла-тәсілдерімді қолданып, жеңіске жетуге талпындым. Бұл жарысқа 4 айға жуық уақыт дайындалдым. Еңбегім зая кетпегеніне қуаныштымын.

Жарыс 2 күнге созылмақ. Нәтижесінде жеңімпаздар грамоталармен және медальдармен марапатталады. Ал көп ұпай жинаған құрама ректордың кубогына ие болады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС КАРАТЕШІЛЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
13:07, 18 ақпан 2020
ЖАС КАРАТЕШІЛЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«ҚҰЛАГЕР» ХК ӨЗ АЛАҢЫНДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ
18:08, 17 ақпан 2020
«ҚҰЛАГЕР» ХК ӨЗ АЛАҢЫНДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...