ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

«ЕСІЛ СК» ҚҰРАМАСЫ ТАРАЗ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫН 3:2 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢДІ

21:20, 10 қаңтар 2019

Петропавлда  волейболдан Ұлттық Лиганың ерлер құрамаларының арасында ел   чемпионатының 2 кезеңі басталды.  Дүбірлі доданың бірінші күнінде-ақ жергілікті «Есіл СК» құрамасы жарыстың көшбасшысы атанған «Тараз» командасын 3:2 есебімен жеңді. Енді солтүстікқазақстандық волейболшылар тағы 3 клубпен өзара күш сынасуы керек.

Қазақстан Волейбол Федерациясының бас хатшысы Ермек Сарлыбаевтың айтуынша өткен жылғы чемпионатпен салыстырғанда биылғы чемпионатта «Б» тобы әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетуде. Оның құрамына «ТНК «Казхром», «Атырау», «Маңғыстау», «Павлодар» сонымен қатар биыл жақсы жасақталған әрі оң нәтиже көрсетіп жүрген Петропавлдық «Есіл СК» командалары  кіреді.

ЕРМЕК САРЛЫБАЕВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

- Бұған дейін Есіл құрамасы қарсыластарына есе беріп жүрсе, биыл спорт сүйер қауымға жақсы ойын көрсететін және өздерінің жанкүйерлерін қуантатын, плей-оффта 4 орынға таласа алатын құрама жасақтады. Кеше ең үздік ойын болды деп есептеймін. Себебі ең басында Есіл СК өздерінің қарсыластары Таразға 2:0 есебімен ұтылып жатты. Алайда соңғы шешуші минуттарда нәтижені өз пайдасына өзгертті.

Оңтүстіктен келген спортшылар үшін бұл кезең сәтсіз басталды. Олар біздің волейболшылармен 3 кездесу өткізіп, үшеуінде де  жеңіліс тапты. Келесі ойында біздің доп шеберлеріміз Алматы қаласынан келген «Буревестник» құрамасымен өзара күш сынаспақ. 

ИГОРЬ НУРЖАНОВ, «ЕСІЛ СК» ВОЛЕЙБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Үйде ойнап, жеңіске жеткен кезіміз көптен болмаған еді. Себебі бұл жақта жауапкершілік өте үлкен. Бізге сенім артып әрі жанкүйер болып отырған халықтың қарасы қалын. Өзіміздің де жеңіске деген ұмтылысымыз биік болды.

Әрине, жанкүйерлердің ыстық қолдауы да біздің тепсе темір үзер жігіттерді рухтандырып, күш бергені сөзсіз. Айта кеткен жөн жарыс қаңтардың 13-не дейін жалғаспақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
20:48, 14 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...