ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАДЫ

17:28, 30 маусым 2020

Шілденің 1-нен яғни, ертеңнен бастап футболдан Қазақстан Премьер Лига ойындары қайта жалғасын табады. Еске сала кетейік, биылғы жоғары лига командалары арасындағы доп додасының алғашқы екі туры ойналған еді. Одан кейін коронавирус індеті қаупінің алдын алу мақсатында қалған кездесулер кейінге шегерілді.

Енді үшінші турда жергілікті «Қызыл-жар СҚ» футбол командасы өз алаңында шілденің 1-і күні кешкі сағат 18:00-де Көкшетаудың «Оқжетпес» құрамасын қабылдайтын болады. Қос команда да барлық санитарлық талапты сақтай отырып, ойынды өткізбек. Матчты жанкүйерлер онлайн түрде ғана көре алады. Айта кету қажет, қазіргі таңда жерлестеріміз турнирлік кестеде 10-шы орында тұр.

ВЯЧЕСЛАВ РУСНАК, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БАС БАПКЕРІ:

«Бұндай практика бұрын-соңды басымнан өтпепті. Әрине, қиын болды. Біз футболды қатты сағындық. Бірақ, карантин кезінде ойыншылармен жақынырақ танысып, олардың жаңа қырларын байқадым. Сәуір айының ортасынан бастап жаттығуға кірістік. Команданың физикалық дайындығы жақсы деп ойлаймын.»

МАКСИМ ДРАЧЕНКО, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК ЖАРТЫЛАЙ ҚОРҒАУШЫСЫ:

«Оқжетпес»- мықты ойыншылардан жасақталған. Көкшетаулықтар маусымның басында біраз сәтсіздікке ұшыраған еді. Сондықтан олар жеңіске жету үшін барын салады. Бізде оңай жағылар жаңғақ емеспіз. Барымызды саламыз».

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЗА АУАДА  ЖАТТЫҒУ  ЖАСАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
20:43, 2 шілде 2020
ТАЗА АУАДА ЖАТТЫҒУ ЖАСАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
Толығырақ...
ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
17:23, 23 маусым 2020
ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...