Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантин уақытын ұзарту туралы шешіміне байланысты футболдан Қазақстан чемпионаты кейінге шегерілді.
Сондай-ақ, барлық футбол жарыстарының өткізілуіне де рұқсат жоқ. Айта кетейік, жоғары лигада облыс намысын «Qyzyljar» құрама командасы қорғап жүр. Олар тамыздың төрті күні Тараз футбол клубына қарсы ойнау керек еді. Енді футбол маусымы карантин аяқталғасын ғана басталатын болады.