ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ГАЗ-ТҮТІННЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

17:21, 12 қазан 2020

Петропавлда азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» бөлімшілері арасында облыстық жарыс ұйымдастырылды. «Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» атану үшін 15 құрама қатысты. Әріптесім Нұрбол Балғабеков жалғастырады.

Нұрбол Жүкенов- өрт сөндіру қызметіне осыдан үш жыл бұрын келген. Бүгінде жас маман №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде еңбек етіп жүр. Өрт сөндірушінің жұмысы аса қауіпті. Өйткені олар өртке бірінші жетіп, төтенше жағдайдың ортасында жүреді. Сондықтан осы сынды сайыстар құтқарушылардың кәсіби шеберлігін одан сайын шыңдай түседі.

НҰРБОЛ ЖҮКЕНОВ, №1 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУШІСІ:

«Жарыс ойдағыдай өтіп жатыр. Ең бірінші команда болып жүгірдік. Қиыншылықтар көп емес. Лабиринттің ішінде адаспау, рукоходтан жақсы өту. Осы жарысқа үшінші жыл қатысып жатырмын. Бұл енді өрт болған кезде түтіннің арасында көмегі көп.  Мысалы адамның дене шықтыруы  өзінің кәсіби шеберлігін шыңдайды. Және де өрттің арасында адамдарды құтқаруға көп көмегін тигізеді.»

«Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» бөлімшілері арасында «Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» атағы үшін ұйымдастырылған додаға қатысуға  70-тен астам құтқарушы - 15 құрама ниет білдірді.

ЕРБОЛ МОЛДАҒОЖИН, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗЕКШІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:

«Бұл жарыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең-газ түтіннен қорғаушылар от жолағынан өтуі тиіс. От жолағы жалпы 14 снярадтан құралған. Осыдан бір уақытпен лезде сүрінбей жедел өтуі керек. Екінші кезеңіміз ол жылу түтін камерасы. Оның ішінде электр тоғын сөндіру,адамды құтқару.»

Ал жарыстың соңғы үшінші кезеңінде өрт сөндірушілер кроссфит спорт түрінен мықтыны анықтады. Яғни, мұнда жарысқа қатысушылар қақпақты жиектеу, қысымды өрт сөндіру жеңдерін қосу, зардап шегушіні тасымалдау сынды жаттығуларды орындады. Жалпы, жарыстың қорытындысы бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі топ жарды. Екінші және үшінші орындарды №5 және №3 өрт сөндіру бөлімдері бөлісті. 

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

СЕРГЕЕВКАДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:04, 8 қазан 2020
СЕРГЕЕВКАДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...