ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ

17:56, 11 маусым 2019

Петропавлда 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық чемпионат өтті. Өңірдің түпкір-түпкірінен жиналған 100ге жуық спортшы боз кілемде өз бақтарын сынады. 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен  балуандармен арна тілшілері кездесті.

5 аудан, 3 қала командасы облыстық грек-рим күресінде өздерінің спорт  мектептерінің намысын қорғады. Сайыс нәтижесі бойынша үздік деп танылған спортшылар алда болатын республикалық кезеңдерге  қатысуға жолдама алады.  Бас төрешінің айтуынша, облыста грек-рим күресі жақсы дамыған, 5 бірдей спортшымыз  әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр.

МЕЙРАМ ХАМЗИН, БАС ТӨРЕШІ:

- Бұл балуандар біздің болашағымыз облыстың тірегі. Енді бастап келе жатқан балуандар. Болашақта облыста жақсы нәтиже көрсету үшін кіші балуандар арасында үнемі осындай сайыстар өткізіп тұрамыз. +02:00. Бұл жарыстың мақсаты жасөспірімдерді болашаққа дайындау.

10-12 жас аралығындағы  жасөспірім спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.  Олардың бірі- Нұртілек Нұрлан. Жамбыл ауданының намысын қорғауда. Мамлют ауданының спортшысымен боз кілемге шыққан ол, қарсыласының жауырынын бірден жерге тигізді.

НҰРТІЛЕК НҰРЛАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Менің күреске қатысқаныма 5 жылдан асты. Мен 41 кг салмақта күрестім. Күресті таңдаған себебім ата-бабамнан қалған күрес  түрі. Қарсыласым да басым болды, бірақ мен жеңдім.

100-ден астам балуан боз кілемге шығып, жеңіске жету үшін тырысып бақты. Сайыс нәтижесі бойынша үздік деп танылғандары алғыс хат, медальдармен марапатталды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ТАЗА АУАДА  ЖАТТЫҒУ  ЖАСАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
20:43, 2 шілде 2020
ТАЗА АУАДА ЖАТТЫҒУ ЖАСАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАДЫ
17:28, 30 маусым 2020
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...