ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН Толығырақ

КАРАТЭ-ДОДАН ЖАРЫС ӨТТІ

19:13, 1 желтоқсан 2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөледі. Дені сау ұрпақты тәрбиелеу - жалпыұлттық ортақ, әрі басты міндет. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай № 17-ші ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде мейбукан годзю-рю каратэ-додан қалалық чемпионат өтті. Оған 4 пен 13 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша білектің күшін қажет ететін бұл додаға Қостанай облысы және Ресейден келген спортшылар да қатысуда. Солтсүтікқазақстандық каратэшілердің басты қарсыластары Қостанайдан келген құрама.

ЕВГЕНИЙ МАКСИМОВ, МЕЙБУКАН ГОДЗЮ-РЮ КАРАТЭ-ДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл чемпиоантқа Петропавл қаласынын және облыстың барлық аудандарының спортшыларымен қатар Ресей Федерациясының Омбы қаласынан келген қонақтарымыз қатысуда. Жалпы 145 спортшы өз бақтарың сынауда.Әрине қарсыластарымыз өте мықты, Қостанайдан келген спортшылар әсіресе. Алайда біздің жеткіншектердің дайындығы жоғары деңгейде. Сол себепті біз көптеген жүлделерге ие боламыз деп үміттенеміз.

Баланың бойына шыдамдылық пен төзімділік, қайсарлық секілді қасиеттерді сіңіруге септігін тигізетін спорттың бұл түрі облысымызда соңғы уақытта дамып келеді. Әсіресе каратэге қызыққан жас балақайлардың саны артуда. Татамиде өзара күш сынасып жатқан, қанаттары қатаймаған мына балдырғандардың жастары небәрі 10 мен 11-де. Осы күні әрқайсысы бар күшін салып, қарсыласынан озып үйге жеңіспен оралмақшы.

АЛТАФ АХМАД, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Басында мен қатты қобалжыдым. Алайда татамиге шығысымен қарсыласымды жығып, жеңіске жеткенімде қатты қуандым. Әрине ол өте мықты болды соған қарамастан мен намысты қолдан бермеуге бар күшімді салдым.

ЗЕЙНЕП ЖҮСІПӘЛІ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Мен каратэмен айналысып жүргеніме 1 ай болды. Мұнда өзімнің күшімді көбейту және жаңа достар табу үшін келдім. Каратэның арқасында болашақта үлкен жеңістерге жетемін деп есептеймін.

Көз тартарлық шығыс жекпе-жегінің қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар алғыс хаттар және медальдармен марапатталды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
21:03, 19 ақпан 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Толығырақ...
ЖАСӨСПІРІМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
21:01, 19 ақпан 2019
ЖАСӨСПІРІМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18:33, 15 ақпан 2019
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...