ШҰҒЫЛ! БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

КАРАТЕДЕН «SUNKAR-2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

15:00, 13 мамыр 2019

Өткен демалыс күндері облыста каратеден Сұңқакр – 2019 республикалық турниры өтті. Оған еліміздің түкпір – түкпірінен, сондай – ақ көршілес Ресейден келген 450 спортшы қатысып, бақтары мен баптарын сынады.  Каратешілердің тартысты сайысына арна тілшілері де куә болып қайтты.

Карате бұл спорттың бір түрі ғана емес, ол – өмірлік ұстаным. Оған қоса машақатты жаттығулар мен шыдамдылық тоғысатын бір өнер дейді жарыс қатысушылары. Сондықтан болар татамиге шыққан спортшылар барын салып, намысқа тырысты. Олардың арасында Мөлдір Аманбек те бар. Ол спорттың бұл түрімен 3 жыл қатарынан айналысып келеді.

МӨЛДІР АМАНБЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Бұл спорт түріне келуіме ең бстысы ата – анам көмек берді. Және де кіші інім. Маған картемен айналысқан ұнайды себебі бұл біздің бойымызды шынықтырады және рухымсызды көтереді.

Жарысқа 10 жастан асқан 450 жасөспірім қатысты. Олардың арасында республикалық, тіпті әлемдік деңгейдегі жарсытардың жүлдегерлері де бар. Сайысты ұйымдастырудағы мақсат каратешілерді саралап, алда келе жатқан ел ішілік сондай – ақ халықаралық бәсекелерге дайындау.

ТАДЖИМУРАТ НАЙЗАБЕКОВ, «КЕКУШИНКАЙ КАРАТЕДЕН БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЙЫМ» РҚБ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Негізі бұл турнирдің тамыры тереңде жатыр. 1997 жылы алғашқы жарыс өткізілген осы турнир аясында. Соны біз жаңғыртып былтырдан бастап Сұңқар деген атаумен ұйымдастыруды жөн санадық. Қатысушылар саны артып келеді. Бұл байрақты бәсекенің маңызы зор. Өйткені жас спортшыларымыздың деңгейлерін анықтауға септеседі.

Ұйымдастырушылардың сөзінше бұл турнирдің аясын кеңейту жоспарланып отыр. Сөйтіп болашақта аталмыш жарысқа 10 мемлекеттің спортшылары шақырылмақ.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
17:57, 20 мамыр 2019
СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...