ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ АКАДЕМИЯСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

20:33, 7 ақпан 2020

Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енеді. Бастама алдағы оқу жылында Нұр-Сұлтандағы 5 мектепте пилоттық режимде сыналады. Кейін еліміздегі орта білім беру мекемелеріне түгел енгізілетін болады. Ал білікті мамандарды ((ВИДЕО))дайындау үшін қазақ күресі академиясы құрылады. Бұл туралы федерация Президенті, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Биыл елде аталған спорт түрінен 100-ден аса шара ұйымдастырылады. Ең ауқымдылары дәстүрлі "Қазақстан барысы", "Халық барысы", қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты және "Еуразия барысы". Тізімді "Бала балуан" жарысы жалғайды. Тұңғыш рет ұйымдастырылатын доданың ауқымы кең. Оған өз өңірлеріндегі қарсыласын шаң қаптырған өрендер ғана қатыстырылады. Дәурен Абаев төл спортымызды әлемдік деңгейге көтеру жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Тіпті, даму картасы да әзірленген.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

- Қазір әлемдік аренада қазақ күресін атауын өзгерту мәселесі де жиі айтылып жүр. Осы ретте біз зерттеуші ғалымдар тобына қазақ күресіне қатысты терминдерді жүйелеуді тапсырып отырмыз. Жаттықтырушыларға арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулық жарық көреді. Қазақ күресінің ережесі жинақталған видеонұсқаулық түсіріліп жатыр

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ-ТҮТІННЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 12 қазан 2020
ГАЗ-ТҮТІННЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...