ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚР ІІМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

20:57, 1 шілде 2019

Петропавлда қазақ күресінен ҚР ІІМ чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додаданың алғашқы күнінде 80 және одан жоғары келідегі спортшылар боз кілемге шықты. Жарыстың екінші күнінде, жеңіл салмақтағы палуандар  арасында мықты анықталды.

82 келі салмақ дәрежесінде  Жамбыл облыстық полиция департаментінен Аммир Хабибуллаев жеңімпаз атанды. Ал Ақмола облысының намысын қорғап келген Әсет Жүнісов 90 келі салмақта жеңімпаз болды. Алматы облысының тумасы Александр Косачев 100 келі салмақта жеңіске жетті. Жалпы ауыр салмақ дәрежесінде Қарағанды полиция департаментінен Самат Амантаев  чемпионаттың жеңімпазы атанды.  СҚО полиция департаментінің бас полицейі Марат Төлебаев жалпы командалық есепте жеңіске жеткен спортшыларды кубоктармен және медальдармен марапаттады. Екінші мен үшінші жүлделі орындарға Қарағанды мен Жамбыл облысының спортшылары табан тіреді.  Жалпы екі күндік чемпионаттың қорытындысы бойынша қазақ күресінен ҚР ІІМ чемпионатының жүлделі бірінші орынын ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті иеленді.

АЛЕКСАНДР БОРИСОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖҚАЖ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Қарсыластарым өте мықты, әсіресе Петропавлдық спортшымен күресу қиын болды. Дегенмен, бірінші орынды алып, жеңіске жетіп отырмын.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...