ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

13:06, 16 қаңтар 2020

Петропавлда 14-15 жастағы спортшылар арасында қазақ күресінен облыс біріншілігі бастау алды. Чемпионатқа өңіріміздің әр аймағынан 100-ге жуық жеткіншек қатысып жатыр. Бұл додада үздік атанғандар облыс құрамасы сапына алынады. Тақырыпты әріптесім Нұрбол Балғабеков жалғастырсын.

Өңірдің түпкір-түпкірінен жиналған мына балуандар 10 түрлі салмақ дәрежесі бойынша екі күн бойы боз кілемде өзара мықтыны анықтайды. Кейін үздіктер ақпан айында Ақтау қаласында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғамақ.

БОЛАТ НҰРТАЗИН , ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

Петропавлдағы «Шаңырақ» күрес мектебінің тәрбиеленушісі- Даниял Олжабаев 50-келі салмақта күресіп жүр. Жас балуан бұл спорт түрімен 3 жыл бойы шұғылданып келеді. Осы аралықта облыс және республикалық додаларға қатысып үлгерген. Бұл жарыста да биіктен көрініп, республикада өңір намысын қорғағысы келеді. Ол алғашқы белдесуінде Ақжар ауданының спортшысын тізе бүктіріп, екінші айналымға еш қиындықсыз өтті.

ДАНИЯЛ ОЛЖАБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Облыстық жарыстың қорытындысы қаңтардың 17-і күні шығады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...