ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ АБАЙҒА 175 ЖЫЛ: ТОЙЛАУ РЕСМИ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КЕКУШИНКАЙ КАРАТЕДЕН ТУРНИР ӨТТІ

13:10, 4 қараша 2019

Петропавлда 400-ден астам каратеші қала әкімінің кубогы үшін бақ таласты. Өңір аудандары мен Ақмола облсынан жиналған спортшылар ұлттық құрама сапына ену мақсатында, 34 түрлі салмақ дәрежесінде татамиде барын салды. Тартысты сайыс жайлы келесі бейнематериалда.

Өңірде соңғы жылдары кекушинкай карате қарқынды дамып келеді. Спотшыларымыз соңғы үш жылда республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып, ел бойынша көш бастап тұр. Бұл жолғы әкім кубогы үшін ұйымдастырылған дүбірлі доданың маңызы зор. Өйткені осы сайыста ұлттық құрама сапына енетін спортшылар сараланып алынбақ.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, КЕКУШИНКАЙ КАРАТЕДЕН СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Сайысқа қатысып отырған ұл қыздардың барлығы да мықты, тәжірибелі. Араларында Еуропа, Еуразия чемпионаттарында топ жарған каратэшілер де бар. Сондықтан сайыс өте тартысты өтейін деп тұр.

Жарысқа жасы 10-нан асқан каратэшілер қатысты. Солардың бірі Крилл Стрельцов. Ақмолалық спортшы 38 келі салмақта жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан басым түсті.

КИРИЛЛ СТРЕЛЬЦОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ:

- Бұл жарысқа екі жыл дайындалдым. Бұл менің алғашқы жеңісім. Болашақта әле чемпионы атанғым келеді. Мақсатыма жету үшін аянбай тер төгуге дайынмын.

Сайыс нәтижесі бойынша үздік атанғандар желтоқсанда Алматыда өтетін ҚР чемпионатына және 2020 жылы елордада жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады .

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
17:52, 17 қаңтар 2020
2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫ...
Толығырақ...
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...