ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

КӘСІБИ СПОРТШЫЛАР ЖАТТЫҒУДЫ БАСТАДЫ

20:40, 15 мамыр 2020

Жергілікті «Қызыл-Жар СК» футбол клубының ойыншалары ұзақ үзілістен кейін қайта жаттыға бастады. Ресми мәлімет бойынша қазақстандық футбол ойындары мамырдың аяғына қарай басталуы мүмкін. Осыған дейін премьер лигада екі кездесу өткізіп үлгерген жергілікті аяқдопшылар келесісіне дайындықты бастап кетті. Сонымен биылғы маусымда қызылжарлықтардың межесі қандай, команда сапына жаңадан келген футболшылар бар ма? Тілшіміз баяндасын

Мамырдың 11-нен бастап жергілікті «Қызыл-Жар СК» футбол клубының ойыншылар өз жаттығуларына кірісТІ.  

ВЯЧЕСЛАВ РУСНАК, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СК» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Мен құрамаға қаңтар айында келдім. Содан бері футболшылармен жақын танысып, олардың жаңа қырларын көрдім. Бірге ауқымды жұмыс атқардық. Сондықтан команданың кез келген қарсыласқа төтеп бере алатын қауқары бар деп сеніммен айта аламын. ТЖ режимі аяқтала салысымен жаттығуларға кірістік. Өйткені жігіттердің физикалық дайындықтарын шыңдау керек

Карантин жергілікті аяқдопшыларға әсер етпеген сыңайлы. Жаттығуларына қарасаң бәрі бабында. Құрамаға жаңадан қосылған футболшылар да ұжымға сіңісіп кеткен. Басты мақсат, келесі ойында жеңіске жету. Өйткені бұдан алдыңғы екі кездесуде елордалық «Астанадан» жеңіліп, «Ертіспен» тең онап еді.

ШОТА ГРИГАЛАШВИЛИ, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СК» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ КАПИТАНЫ:

- Бапкерлер ауысты, құрама жаңа ойыншылармен толықты. Ең бастысы ауызбіршілік бар. Сондықтан алдағы кездесулерде жеңіске жетіп жанкүйерлерімізді қуантамыз деген үміттемін. 

Бірнеше жыл бұрын елдің үздік құрамаларына ауысқан талантты футболшыларымыз командаға қайта оралды. Мысалы болашағынан үлкен үміт күттірген Александр Соколенко алматылық «Қайрат» сапына өтіп, биыл қайтадан «Қызылжар» құрамында өнер көрсететін болды. Қайта айналып қазығын тапқан тағы бір жерлес аяқдопшы Тимур Мулдинов. Сұрмергендігімен көзге іліккен шабуылшы бір жылдан астам уақыт Палолдарлық «Ертісте» ойнаған еді.

ТИМУР МУЛДИНОВ, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СК» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ» ШАБУЫЛШЫСЫ:

Петропавл туған қалам ғой. Сондықтан қайта оралу маған қуаныш сыйлады. Жергілікті ойыншылар да жылы қарсы алды. Бірге іріктеу кезеңінде болдық. Бір сөбен айтқанда бәрі жақсы. 

Биылғы маусымда құрама сапында 29 футболшы ойнайды. Оның 8-і легионерлер болса, 11-і команданың тәрбиеленушілері. Жерлестеріміз келесі ойынды көкшетаулық «Оқөжетпеске» қарсы өткізеді. Клубтың басты мақсаты биыл премтер лигадан шығып қалмау.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...