ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ Толығырақ

КӘСІБІН СҮЙГЕН ЖАННЫҢ ІСІ - ОҢ

20:47, 15 тамыз 2019

Серәлі Құсайынов СҚО бойынша  ҚР еңбек сіңірген ең жас жаттықтырушы атанды. Грек-рим күресінің шебері небәрі 34 жаста. Қазірдің өзінде оның тәрбиесін алған бірнеше дүркін ел, әлем чемпиондары бар. Тілшіміздің бейнематериалы.

Серәлі Құсайыновтың таңы осымен 13-ші жыл қатарынан спортшыларға грек-рим күресінің қыр-сырын үйретумен басталады. Жастар жаттықтырушыларының әр сөзін қалт жібермей қағып алып, ол көрсеткен әдіс-тәсілді боз кілемде қайталайды. Көкейлеріне түйеді.

СЕРӘЛІ ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- 1,15 бұрын өзім де спортшы болдым, енді жаттықтырушы ретіде кілемде күресіп жатқан спортшыңды көргенде жеңіске жетуін тілеп,  жарақат алмаса екен деп  жүрегің аурады.  Өмірімдегі осы екі кезеңді салыстырсақ, спортшыларымның орнында өзім болсам ғой деп ойлаймын.

Серәлі Құсайынов мамлют ауданының тумасы, жастайынан күреске қызыққан жеткіншек, бүгінде ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанып отыр.   Спортшылары ересектер арасында әлем, жасөспірімдер арасында Азия чемпионаттарының жеңімпаздары.

СЕРӘЛІ ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында өңір намысын қорғаған сопртшы қола медаль жеңіп алды. Осының арқасында, маған осы атақты беріп отыр. Мен үшін, бұдан асқан құрмет жоқ деп есептеймін. Бұл менің де, спортшының да еңбегі.

Серәлі бүгінде жүздеген сопртшыны жарысқа әзірлейді. Олар мына залда күнделікті соңғы күші сарқылғанша дейін жаттығады.Тәрбиеленушілерінің сөзінше жарысқа жетелейтін де,  жігер беретін де жаттықтырушы.

БАУЫРЖАН СӘДУАҚАСОВ, С. ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ ОҚУШЫСЫ:

Серғали Викторович алты жыл бойы тренировка беріп келе жатыр. Менің личный тренерім, өзінің ісіне өте адал берік адам, жұмысты беріліп істейді. Былай қатал адам, жаттығу жағынан қатал адам. Осы кісінің арқасында мен жастар арасында Азия чеспионымын, ересектер арсында Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері болдым.

Серәлі Құсайыновтың және оның тәрбиеленушілерінің алға қойған мақсаттары әлі де талай белестерді бағындырып, қазақтың көк туын әлем төрінде асқақтату.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КОНЬКИШІ Р.КРЕЧ ЕКІНШІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
18:00, 18 қараша 2019
КОНЬКИШІ Р.КРЕЧ ЕКІНШІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Толығырақ...
А.НҰРПЕЙІСОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
20:54, 15 қараша 2019
А.НҰРПЕЙІСОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛАРДЫҢ ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
13:05, 19 қараша 2019
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛАРДЫҢ ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...