ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ҚАЖЕТ ПЕ? Толығырақ

КӨПТЕН КҮТКЕН ЖЕҢІС

15:09, 16 сәуір 2018

Футболдан Қазақстан чемпионатының 5 тур аясында жергілікті «Қызылжар СК» құрамасы өз алаңында «Жетісуді» қабылдады. Осыған дейін 4 ойын өткізіп, төтеуінде де жеңіліс тапқан жерлестеріміз бұл жолы қарсыластарынан бір ұпай айырмасымен басым түсіп, «Қарасай» стадионына жиналған жанкүйерлерге қуаныш сыйлады.

Алаңға қонақтар көк, ал жерлестеріміз қызыл жейдемен шықты. Допты ойынға қосу мәртебесі Қызылжар СК-ға бұйырды. Алғашқы минуттардан ақ Спасов шәкірттері ойынды өз тізгіндеріне алуға тырысып, бірнеше қауіпті шабуыл  ұйымдастырды. Қарсыластар да қарап қалмай, қарымта шабуыл жасап осал еместіктерін аңғартты. «Сен соқпасаң, саған соғады» демекші, кездесудің 26 минутында стандарттық жағдайдан Фредди Коренельдің асырған пасынан соң Бранислав Пуношевац допты басымен қақпаға дәл көздеп, командасын алға сүйреді. Есеп 1:0. Осылайша олар Қарасай стадионына жиналған 4000 мыңнан астам жанкүйерге қуаныш сыйлады.

Бірінші тайм өте керемет болды. Біздің командамыз 1 доп айырмасымен қарсыласынан басым тұр. Біз өте қуаныштымыз. Осыншама жанкүйер жерлестерімізді қолдауға келіп отыр, екінші тайм да өте қызық болады деген ойдамын. Ойыншыларымыз есепті еселеп, көптен күткен жеңіске қол жеткізеді деп үміттенемін.

Бірінші таймда біздің құрама гол соғып, басымдыққа ие болды. Сондай – ақ допқа иелік ету көрсеткіші де қонақтарға қарағанда жоғары. Екінші таймда да жақсы ойын өрнегін көрсетеді деп ойлаймын.

Екінші таймды жерлестеріміз сәтті бастай алмағанымен, қорғаныста ұқыпты ойнады. Жетісулықтар қатарынан бірнеше шабуыл ұйымдастырып көрді, дегенмен еш нәтиже болмады. Қақпашы Антон Цирин де бүгін әдемі ойын көрсетті, қақпаға дарыған допты дәл кезінде қайтарып командасына үлкен көмек көрсетті. Кездесу соңына дейін екі жақ та қарсылас қақпасына доп дарыта алмады. Матч қызылжарлықтардың пайдасына шешілді. Шындығына келер болсақ, жерлестеріміздің бұл маусымдағы ойыны көңіл көншітпейді. Осыған дейін төрт ойын өткізіп, төртеуінде де қатарынан жеңілген футболшыларымыз оның себебін былай түсіндірді.

ТИМУР МУЛДИНОВ, «ҚЫЗЫЛ – ЖАР СК» ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ҚОРҒАУШЫСЫ:

- Ойын өте ауыр болды. Дегенмен барымызды салып жеңіске жетуге тырыстық. Бізге сеніп, бізді қолдау үшін келген жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Қарсыласқа келер болсам, Жетісу құрамасы оңай шағылар жаңғақ емес. Бірақ біз бүгін алдаңға тек жеңеміз деп шықтық, бұл жеңіс бізге өте қажет болды. Өйткені өздеріңізге мәлім осыған дейін төрт ойын қатарынан жеңілдік. Бұған себеп сәтсіздік деп білемін. Енді барлығы артта қалды, қалған кездесулерде жеңіске жетуге тырысамыз.

Иә расымен де осыған дейін ел чемпионатында сәтсіз өнер көрсетіп келген жерлестерімізге бүгінгі жеңіс үміт сыйлағандай болды. Өйткені спорттың бұл түрінде ойыншылар тек физикалық немесе техникалық жағынан ғана емес, сондай-ақ психологиялық тұрғыдан да  мықты болулары шарт. Осыған дейін турнирлық кестеде 0 ұпаймен 11 орында келе жатқан «Қызылжар – СҚ», енді бір саты көтерілді. Айта кеткен теріскейліктер келесі ойынды сәуірдің 21 Атырау құрамасына қарсы өткізеді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, спорт, футбол

Тақырып бойынша материалдар

КҮШ-ПӘРМЕН ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
17:59, 19 шілде 2018
КҮШ-ПӘРМЕН ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІР КАРАТЕШІЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҚОЛА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
20:53, 18 шілде 2018
ӨҢІР КАРАТЕШІЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҚОЛА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар