ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

«ҚУАНЫШ» ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН ҚУАНТТЫ

17:57, 11 маусым 2019

«Қуаныш» волейбол командасы жанкүйерлерін тағы бір мәрте қуантты. 5 маусым күні Петропавлда қыздар арасында басталған воллейболдан республикалық чемпионаттың нәтижесі қорытыланды. Ақтық кездесуде алматылық командамен ойнаған солтүстікқазақстандық волейболшы қыздар 1 орынды жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік, чемпионат 6 күнге созылған болатын. Толығырақ арна тілшілері тарқатсын. 

Айта кетейік, республикалық чемпионат 13 облыстан келген командалар арасында өтті. Жарысқа ең кіші 2006-2007 жылғы спортшылар қатысты. Соңғы ақтық кезеңге  ең мықты деген 4 команда қатысып, бүгін өз ара сайысқа түсті. Ойынның барысын, жоғарғы ұлттық санатты төреші, 43 жылдық тәжірибесі бар Людмила Ким бақылап, волейболшылардың дайындығына жоғары бағасын берді.

ЛЮДМИЛА КИМ, БАС ТӨРЕШІ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ:

- Бүгін республикалық чемпионаттың соңғы ойыны. Шындығын айтатын болсам, спортшылардың барлығы мықты. Бойлары ұзын, барлығы командаға лайықталып алынған. Ақтық кезеңге 13 облыстың ішінен  тек қана 4-еуі өтті. Бірінші, екінші орынға Алматы облысы мен сіздердің Қуаныш командасы таласатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының намысын 2015 жылы құрылған «Қуаныш» құрамасы қорғап,1 орынды иеленді. Бүгінде бұл командада 200-ден аса спортшы волейболмен айналысса, 5 спортшы ел құрамасының резервінде екен.

ВЛАДИМИР ПЕРЕПЕЧИН, «ҚУАНЫШ» ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Біз Алматы құрама командасымен ойнадық. Өте мықты команда. Осы кезеңнің алдында да біз олармен бір шаршы алаңға шығып сайысқанбыз. Менің ойымша бұл жерде команда қатысушыларының сенімділігі қажет, және сәттілік кімнің жағында болады сол команда жеңеді деп ойлаймын.

Өңір намысын қорғаған «Қуаныш» құрама командасының ең жас спортшылары жеңіс оңайлықпен келген жоқ дейді.

ӘЙГЕРІМ ЕГІНБАЕВА, «ҚУАНЫШ» ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Бұл сайысқа біз өте көп уақыт дайындалдық. Жаттықтырушымыз қателік жіберген кезімізде әрине ұрысты, бірақ ол кісінің көңілін қалдырмас үшін біз бар күшімізді салып ойнадық. Алматы командасы 13 облыстың арасында ең мықтылары.

Чемпионат қорытындысы бойынша үздік үштікке Павлодар, Алматы және Солтүстікқазақстан облыстарының командалары енді. Қуаныштың волейболшылары жақында, 22-ші маусым күні ойын алаңына шықпақ. Бұл жолы ересек командалар арасында республикалық турнир өтеді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...