«Құлагер» хоккей клубы ел чемпионатында кезекті рет жеңіліс тапты. Бұл жолы олар Қарағандыда «Сарыарқа» хоккей клубымен бақ сынасты. Қазіргі таңда жергілікті құрама турнирлік кестеде 7 орынға дейін түсіп қалған.
Қарағандылық «Сарыарқа»-мен өткен кездесуде алғашқы болып шайбаны Петропавлдықтар кіргізген болатын. Алайда, ойынның екінші кезеңінде алаң иелері есепті теңістірді. Бұдан кейін қарсылас команда алға суырылып шығып, тағы үш шайба соқты. Жерлестеріміз тек үшінші кезеңде ғана есепті қысқарта алды. Әйтсе де, «Сарыарқалықтар» кезекті жеңіске қол жеткізді. Қорытынды есеп- 4-3.
АЛЕКСАНДР ТРОИЦКИЙ6 «ҚҰЛАГЕР» ХК БАС БАПКЕРІ:
- «Негізі бұл ойынға деген дайындығымыз жақсы болды. Қос команда тең дәрежеде өнер көрсетті деп айтуға болады. Бізге тек сәттілік жетіспеді.»