ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

«ҚҰЛАГЕР» ХК ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

13:05, 10 ақпан 2020

Түрлі спорт додаларында өңір намысын қорғап жүрген «Құлагер» хоккей клубы биылғы жылдың мамыр айында өзінің бес жылдығын атап өтеді. Төрт маусымда клуб екі рет ҚР Кубогының жеңімпазы атанды. ҚР чемпионаттарының қорытындысы бойынша еліміздің үздік командаларының үштігіне екі рет кірді. Осы себептен болар бүгінде өңірде хоккей ойынына деген қызығушылық артып отыр.

Мына кішкентай спортшыоар  өздерінің сүйікті «Құлагер» хоккей клубының ойыншыларымен жақынырақ танысу үшін  А.Винокуров спорт сарайында бас қосты. Басым көпшілігі Қ.Байболов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Білім ордасында қазіргі таңда тегін шайбалы хоккей секциясына 2006, 2008, 2010 және 2012 жылдары туған 80нен астам ұл қатысады. Бүгін олармен бірге мұз айдынына ағалары шығып, ойнап, балалардың мерейін өсірді.

АЛЕКСАНДР ТРОИЦКИЙ, «ҚҰЛАГЕР» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Кездесудің басты мақсаты кішкентай спортшыларымыздың деңгейін арттыру. Яғни, өңірімізде хоккейді дамытумен қоса өскелен ұрпақтың бойында саламатты өмір салтына, хоккейге деген дұрыс көзқарас қалыптастыру. Мұз айдынына «Құлагер» құрамасының ойыншылары шығып, кішкентай достарымызға хоккейді қалай ойнау, қандай ережелерді сақтау керек екенін айтып, ақыл-кеңес берді.  

Хоккей ойнауда әке жолын қуғандар да баршылық. Солардың қатарында, «Құлагер» құрамасының шабуылшысы Максим Первухиннің 5 жасар Петр есімді ұлы да бар. Ол, бұл секцияға жарты жылдан бері қатысып жүр.

МАКСИМ ПЕРВУХИН, «ҚҰЛАГЕР» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ :

- Ұлым қыркүйек айынан бері шайбалы хоккейге келіп жүр. Осында ол алғашқы рет мұзға шықты. Өзіне қатты ұнайды. Сабақтар тегін. Секциямен қатар әрине мен де өзім үйретіп қоямын. Біздің ойындарымызды жібермеуге тырысады. Тұрақты көрерменім, жанкүйерім.

Спортшылар мен қатар шеберлік сағатқа осы саланың ардагерлері де қатысты. Мәселен, ҚР құрметті жаттықтырушысы Виктор Бондаренконың айтуынша мұз айдыны бар спорт сарайының ашылуы және кәсіби хоккей клубының құрылуы біздің өңірде осы спорт түрінің жандануына және дамуына серпін берді.

ВИКТОР БОНДАРЕНКО, ҚР ҚҰРМЕТТІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Қаламызда көпке дейін талапқа сай хоккей корды болған жоқ. Себебі, бұл ойынды ойнау үшін басты талап мұз айдынының болуы. Кейін спорт сарайы ашылды. Қуанышымызға орай бірден спортшылардың басы қосылып, өңірдің атынан түрлі жарыстарға қатысатын құрама құрылды. Сонымен қатар, балалар арасында да хоккейді дамытуымыз керек. Ол үшін осындай шеберлік сағаттар көбірек өтуі тиіс.

Шеберлік сағатында ұлдар атақты хоккейшілер Ильгиз Нуриев, Максим Первухин, Дмитрий Хозяшев, Андрей Янковты ерекше ықыласпен тыңдады және олар ұсынған жаттығуларды мұқият орындады. Осы орайда айта кеткен жөн "Құлагер "командасының үйдегі ойындарына халық көп жиналады. Үш мыңнан астам солтүстікқазақстандық клуб сайтына фанат ретінде тіркелген.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ҚҰСБЕГІЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
20:50, 24 ақпан 2020
ҚҰСБЕГІЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...