ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖЕҢІЛДІ

18:03, 16 қазан 2019

Спорт жаңалықтарына кезек берсек. Александр Винокуров атындағы спорт сарайында шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында кезекті тур өтті. Жергілікті имек таяқ шеберлері өз мұз айдынында  Теміртаулық «Теміртау» хоккей клубын қабылдады. Үш кезеңге созылған тартысты дода қалай аяқталды? Құлагерліктер бұл жолы петропавлдық жанкүйерлерді  қуанта алды ма ? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Алғашқы кезең әдеттегідей алма-кезек шабуылдармен басталды. Ойынның бірінші минутында-ақ «Теміртау» құрамасының шабуылшысы Артем Трухачев  командасын алға шығарды. «Құлагер» хоккей клубы да қарап қалған жоқ. Бірінші периодтың 7 минутында Дамир Рамазанов қарсылас қақпашаның қателігін байқап мүлт кетпеді.

- Қос құрамада жақсы ойын өрнегін көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда, «Құлагер» хоккей клубы турнирлік кестеде 7-ші орында тұр.  Сондықтан жеңіс ауадай қажет. Алға қарай ұмтылу керек. 

- Ойын жақсы өтіп жатыр. Бірінші кезеңде қателіктер көп болды. Теміртаудың жастары мықты екен. Бірақ «Құлагер» жеңіске жетуі керек. Егер жеңіліп қалса, жағдай қиындай түседі. 

Ал, екінші кезеңде қонақтардың жолы болды. Олар қарсылас құраманың қақпасына қатарынан екі шайба салып, алға суырылып шықты.

Үшінші кезеңде жерлестеріміз барын салып ойнады. Тіпті, шайба да соқты. Бірақ, таразы басын теңестіре алмады. Сонымен қорытынды есеп 2-3. Құлагерліктер кезекті рет жеңіліс тапты. 

ЕВГЕНИЙ КОРОЛЕВ, «ТЕМІРТАУ» ХК БАС БАПКЕРІ:

- Құраманың 90 проценті жастардан құрылған. Сондықтан олар үшін әр ойын маңызды. Жалпы,  біз әр кездесуде мықтап дайындалымыз. Қарсыласты түбегейлі зерттейміз. Бүгін, қуанышқа орай айымыз оңынан туды. Қарымта ойында да ұпай еншілеуге тырысамыз. 

Айта кету қажет, қос құрама арасындағы екінші кездесу бүгін, қазанның 16-сы күні Александр Винокуров атындағы спорт сарайында өтеді. Ойын сағат 19:00 басталады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

КОНЬКИШІ Р.КРЕЧ ЕКІНШІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
18:00, 18 қараша 2019
КОНЬКИШІ Р.КРЕЧ ЕКІНШІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Толығырақ...
А.НҰРПЕЙІСОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
20:54, 15 қараша 2019
А.НҰРПЕЙІСОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...