ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

«ҚҰЛАГЕР» ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІЛДІ

20:50, 21 қазан 2019

«Құлагер» хоккей клубының жастар құрамасы ел чемпионаты аясында А. Винокуров атындағы спорт сарайында «Мұнайшы» командасын қабылдады. Қазіргі таңда, павлодарлық спортшылар турнирлік кестеде 4 орында тұр. Ал, жерлестереміз 7 орынға тұрақтаған. «А» тобындағы алғашқы кездесу қалай өтті. Әріптесім жалғастырады.

Павлодарлық ұжым ә дегеннен ойын тізгінін қолға алып, жерлестерімізді қыспаққа алды. Бірінші кезеңнің 8-минутында-ақ «Мұнайшы» командасының ойыншысы есеп ашты. Кейін, Даниил Клитотехнис есепті еселеді.

ДАНИИЛ  КЛИТОТЕХНИС, «МҰНАЙШЫ» ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

Біз әр ойынға мықтап дайындаламыз. Жаттықтырушымыздың тапсырмасын бұлжытпай орындадық. Бірінші кезеңнің алғашқы минуттарынан бастап алға ұмтылып, шайба соқтық. Кейін мен екі шайба салдым. Қуаныштымын.  

Екінші кезеңнің басында павлодарлықтар қақпаға бірден екі шайба соқты. Алайда, «Құлагер» құрамасының шабуылшысы Антон Свириденко екі минуттың ішінде екі шайба салып, командасын алға сүйреуге тырысты. Бірақ, үшінші периодта жерлестеріміз өз қақпаларына тағы екі шайба өткізіп алды.

ВЛАДИМИР ОЛЕНЧЕНКО, «МҰНАЙШЫ» ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Бүгінгі кездесу жоғары деңгейде өтті. Мен өз шәкірттеріме ризамын. Енді қарымта ойынға дайындаламыз. Онда да жеңіске жетуге тырысамыз.

Сонымен қорытынды есеп 2-6. «Мұнайшы» командасы кезекті жеңіске қол жеткізді. Айта кету қажет, қос құрама арасындағы екінші кездесу ертең Александр Винокуров спорт сарайында өтеді. Ойын түскі екіде басталады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ОБЛЫС КУБОГІ ӨТТІ
18:02, 13 желтоқсан 2019
ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН ОБЛЫС КУБОГІ ӨТТІ
Толығырақ...
Н. ҚАЛИАСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:05, 9 желтоқсан 2019
Н. ҚАЛИАСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...