ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

КҮШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК СЫНАСТЫ

17:58, 11 шілде 2018

Петропавлда жыл сайынғы дәстүрге сай күш құрылымдары командалары арасында шағын футболдан сайыс өтті. Оған қатысуға биыл 9 команда тілек білдіріп, жасыл алаңда мықтыны анықтады. Былтыр бұл турнирде облыстық ІІД-нің ұжымы сәтті өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынған болатын. Ал биылғы жарыста қай құраманың асығы алшысынан түсті? Жарыстың ақтық кезеңіне барып қайтқан әріптесім Нұрбол Балғабеков айтып береді

Турнир-дәстүрлі. Оның ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Ұйымдастарушылардың айтуы бойынша,сайыстың басты мақсаты- күш құрылымдары өкілдерінің спортпен шұғылдануына жағдай жасап, салауатты өмір салтын барынша қолдау. Айта кетейік, мұндай жарыстар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында өзара достық қарым-қатынасты одан әрі қарай дамытуға сеп болмақ.

ГАЛИНА СКОРЫХ,  «ДИНАМО» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ҚОҒАМЫ БІРЛЕСТІГІНІҢБАС МАМАНЫ:

Спартакиада ақпан айында басталған болатын. Осы уақыт аралығында волейбол, жеңіл атлика сынды спорттың 5 түрінен сайыс өткізген  болатынбыз. Бүгін міне алтыншысын да аяқтап отырмыз. Келесі сайыс шілде айының соңында самбо күресінен ұйымдастырылатын болады.Барлық қатысушылар жоғары деңгейде өнер көрсетті деп ойлаймын.

Шілденің шіліңгір ыстығына қарамастан ойынтартысты өтті. Үшінші және төртінші орын иегерін анықтауға Қалалық ішкі істер басқармасының футбол құрамасы облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұжымымен кездесіп, 5-0 есебімен оңбай ұтылып қалды.

БЕКЗАТ НАУРЫЗБАЕВ, СҚО БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

- Ойын негізі қызықты болды. Бұл ойын таза болды. Тартысты болды. Дегенмен біздің дайындықтар арқасында үшінші орын алдық.Тырыстық.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

- Биыл бір ай бойы футболдан Ресей елінде әлем чемпионаты өтіп жатқаны барша жұртқа мәлім. Ал Петропавлда одан да қызықты ойындар өтіп жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай ақтық кезеңде Ішкі Істер Департаменті мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті өзара мықтыны анықтап жатыр. Бірінші таймның қорытындысы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті 3-1 есебімен алда келеді.

Одан кейін де Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрамасы жинақы ойнап, қарсылас қақпаның кілтін үш рет қапы қалдырды. Ал Ішкі Істер департаментінің ұжымы, ойының соңында ғана есеп айырмасын бір ұпайға қысқарта алды.

НҰРҒАЛИ БАЙЗАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ  ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТІ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

Біздің құрамамыз осы жарысқа шамамен екі айдай уақыт дайындалды. Шамамен он жылдан артық осы құрамада ойнаймын. Өткен жылы біздің құрама үшінші орын алған.

Айта кеткен жөн, жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубоктар медальдар мен құнды сыйлықтар табысталды.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, шағын футбол, жарыс

Тақырып бойынша материалдар

«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
21:20, 12 желтоқсан 2018
«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...