ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

КҮШІҢ БАРДА, КҮРЕС

17:51, 11 қазан 2018

Қазаққа зор қасірет әкелген Семей ядролық полигоны осыдан 27 жыл бұрын жабылып, еліміз үшін тарихи маңызы бар шешім қабылданды. Осыған орай Петропавлда жасөспірімдер арасында «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігі жүлдесі үшін қазақ күресінен облыстық «Жас барыс» жарысы өтті. Өңірдің 100-ден аса палуаны боз кілемде күш сынасты. Жеңімпаздар республикалық  сайысқа жолдама алады.

Облыстық «Жас барыс» жарысында Орынбек Елібаев Жамбыл ауданының намысын қорғамақ. Қазақ күресімен алты жылға жуық  айналысады. 13 жасар палуан бірнеше мәрте республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардың иегері атанып үлгерді. Осы жолғы додада  38 келі салмақ дәржесенідегі палуандармен белдеспек.   

ОРЫНБЕК ЕЛІБАЕВЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ:

- 55 жүлделі орын аламын деген сенімдемін. Жарыс үлкен болғандықтан, көп дайындалдым. Көптеген «приемдарды» үйрендім және де жаттықтырушыларыма үлкен алғысымды білдіріемін. 

100-ден аса палуан жиналып, 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жас спортшылар боз кілемде белдесіп, тартысты ойын көрсетті. «Жас барыс» қазақ күресі өңірімізде дәстүрлі чемпионаттардың қатарында.

ҒАЛЫМ ӨРКЕШЕВ, КҮРЕС МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

- Осындағы іріктелген палуандардың барлығын, жақсы деген балаларымызды Республикалық турниріне апарамыз. Бұл «Жас барыс» жарысы біздің облысымызда бесінші рет өткізіліп жатыр. Семей полигонының жабылғанына 27 жыл болған құрметіне арналған турнир, полигон кезіндегі қатынасқан жерлестеріміздің құрметіне арнап өтіп жатқан жарыс.

Аталмыш жарыс СҚО бойынша  «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен  өткізіліп отыр. Жарысты ашық сынақтардың зардабын шеккен ардагерлер тамашалады. Ұйымның облыста ашылғанына екі жыл болған.  Ядролық сынақтан зардап шеккендерге көмектесумен айналысады.

АСХАТ ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, «СҚО СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Өтіп жатқан жарыс «Семей полигоны» құрбандары бар, «служить» еткен азаматтар атынан Облыстық ұұйымдастыру комитетінің рұқсатымен жасөспірімдер арасында сайыс өтіп жатыр. Қолдағандарына рахмет. Сол кезде әскери қызметтер атқарған азаматтардың құқығын қорғау, солардың жағдайларын жасаймыз.

Облыстық іріктеуден сүрінбей өткен спортшылар Ақмола облысында өтетін Республикалық «Жас барысы» жарысына жолдама алмады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, қазақ күресі, спорт, жарыс, чемпионат

Тақырып бойынша материалдар

«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
21:20, 12 желтоқсан 2018
«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫНАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...