ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКС ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

13:06, 14 қаңтар 2020

Петропавлдық «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Биыл клубтың бюджеті 920 миллион теңгені құрап отыр. Спортшылардың алдында турнирлік кестеде төмен түспей, келесі маусымда да жоғарғы лигада өнер көрсету міндеті тұр. Бұл жайында журналистермен өткен баспасөз жиынында «Қызыл-Жар СҚ» клубының Президенті Григорий Лория мәлімдеді.

Былтыр футбол клубында жергілікті 6-7 ойыншы ойнады. Биыл олардың саны екі есеге артпақ. Сондай-ақ, клубтың жаңа маусымға бекітілген бюджеті 920 миллион теңгені құрап отыр.  

ГРИГОРИЙ ЛОРИЯ, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК ПРЕЗИДЕНТІ:

«Қызыл-жар СҚ» клубы Қазақстандағы бюджеті ең аз команда. Бірақ, біз оған қарамай барымызды салып ойнайтын боламыз. Қазір қазақстандық ойыншылар мен легионерлер оқу-жаттығу жиынында жүр. Жергілікті аяқдопшыларға да мүмкіндік берілуде. Жаңа маусымдағы алғашқы 3-4 турды Шымкент немесе Қостанай қалаларында өткіземіз. Өйткені біздің стадион дайын емес. Дәлірек айтсақ, жасанды алаң бүлініп қалған. Оны тек күн жылыған кезде ғана ауыстырамыз. 

«Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының балалар мен жасөспірімдер футбол орталығы осыдан  тура 4 жыл бұрын құрылған еді. Қазір онда 300-ден астам бала тәрбиеленіп жатыр. Жас футболшылармен 16 бапкер айналысуда.

ВЯЧЕСЛАВ КОЛОДА, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Орталығымыз 2016 жылы ғана құрылды. Әлі жаспыз. Сондықтан футболшыларымыз әлі әлсіздеу. Бірінші оқу-жаттығу жиынына бізде тәрбиеленген ең жас 4 ойыншы аттанды. Алдағы 5-6 жылда біздің футболшыларымыз жоғарғы лигада топ жаратынына кәміл сенемін.

Биыл, сонымен қатар қызылжардың жастар құрамасына бас бапкер болып петропавлдық маман Дмитрий Полховский тағайындалды. Оған Евгений Аверченко көмектесетін болады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС КАРАТЕШІЛЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
13:07, 18 ақпан 2020
ЖАС КАРАТЕШІЛЕР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар