ШҰҒЫЛ! ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК МАРАПАТТАЛДЫ

13:10, 5 қараша 2019

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» футбол командасының спортшыларын алтын медальмен салтанатты түрде марапаттады. Жергілікті команда биылғы маусымда футболдан ҚР бірінші лига құрамалары  арасындағы біріншіліктің жеңімпазы атанған болатын. Әріптесім Нұрбол Балғабеков жалғастырады.

Салтанатты шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов қатысты. Құмар Іргебайұлы аяқдоп шеберлерін, олардың жаттықтырушылары мен жанкүйерлерді жеңіспен құттықтады. «Қызыл-жар СҚ» футбол клубының президенті Григорий Лорияға, команданың бас бапкері Әли Әлиев пен команда ойыншыларына алғысын білдіріп, премьер лигада өз жанкүйерлерін жерге қаратпауды тапсырды. Сонымен қатар, аймақ жетекшісі алдағы 2-3 жылда барлық аудан орталықтарында жасанды төсемесі бар футбол алаңдары салынатынын айтты.
 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СҚО ӘКІМІ:

Бүгінгі қуанышты біз алғашқы қадам деп түсінуіміз керек. Бірінші лигада жақсы өнер көрсету ол бірінші қадам. Ал, премьер лигаға шығып, сол жерде жақсы ойын көрсету ол екінші қадам деп айтар едем. Сондықтан, келесі жылы да осы жақсы ойынды көрсетіндер міндетті түрде. 

«Қызыл-жар СҚ» футбол клубы 26 ойында 58 ұпай жинады. 51 жылдық тарихы бар құрама алғаш рет бірінші лиганың чемпионы атанды. Бұл- еңбектің арқасы. Олар облыс әкімінің тапсырмасын бұлжытпай орындады. Әли Әлиев барлық солтүстікқазақстандықтарды жеңіспен құттықтап, жыл бойы қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді.
 

 ӘЛИ ӘЛИЕВ, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БАС БАПКЕРІ:

Жанкүйерлер әрқашан қызу қолдау көрсетеді. Оларға команда атынан алғысымды білдіремін.Енді бір орында тоқтап қалмауымыз қажет. Облыс әкімі футболға жақсы көңіл бөледі. Келешекте ол аудан орталықтарында жасанды төсемесі бар футбол алаңдары салынатынын жеткізді. Демек, бізде аталмыш спорт түрі жақсы дамып келеді.  Қуаныштымыз. Келесі жылы жоғарғы лигада сәтті өнер көрсету үшін барымызды саламыз. Жергілікті футболшыларды тартатын боламыз. 
 

 Құраманың 70-80 % жергілікті аяқдопшылар.  Биылғы маусымда Виктор Гунченко, Әділ Серғалиев, Артем Черединов секілді талантты футболшылар бас бапкердің сенімін ақтады.

АРТЕМ ЧЕРЕДИНОВ, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК ОЙЫНШЫСЫ:

Осыдан 5 жыл бұрын осындай жетістікке жетемін деп кім ойлаған. Бұл -еңбектің арқасы деп білемін. Келесі жылы негізгі құрамға енгім келеді. Ол үшін бар күш-жігерімді саламын. Келешекте ел құрамасының сапында да өнер көрсеткім келеді. 

Жергілікті жанкүйерлер «Қызылжардың» бүгінгі жетістігіне дән риза.
 

ПАВЕЛ ГРЕБЕНЮК, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК ЖАНКҮЙЕРІ:

Биылғы маусым қызықты өтті. Жылдың басында жігіттер жақсы ойын көрсете алмады. Бірақ, маусымның ортасында олар жиналып, жақсы ойнай бастады. Жаңа ойыншылар да келді. Үздік үштікте келе жатқан «Каспий», «Ақжайық», «Алтай» құрамаларынан басым түсті. Өте қуаныштымын.

Енді келер жылы жерлес аяқдопшылар премьер лигада  «Астана», «Қайрат», «Тобыл» секілді мықты командалармен  бақ сынасатын болады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР
13:08, 27 қаңтар 2020
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙСКИЕ СКО УСИЛИЛИ РАБОТУ НА ДОРОГАХ ИЗ-ЗА НЕПОГОДЫ
18:25, 23 қаңтар 2020
ПОЛИЦЕЙСКИЕ СКО УСИЛИЛИ РАБОТУ НА ДОРОГАХ ИЗ-ЗА НЕПОГОДЫ
Толығырақ...
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...