ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК ПРЕМЬЕР ЛИГАДА

13:07, 4 қараша 2019

51 жылдық тарихы бар «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» футбол клубы алғаш рет футболдан ҚР бірінші лига командалары арасындағы біріншіліктің чемпионы атанды. Олар чемпионаттың 26-турында өз алаңында «Байқоңыр» құрамасын қабылдады. Тартысты өткен кездесуде жерлестеріміз қонақтардың қақпасына жауапсыз 6 гол соғып, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша жергілікті ұжым араға бір жыл уақыт салып,жоғарғы лигаға оралды. Әріптесім Нұрбол Балғабеков тарқатсын.

Футболдан ҚР Бірінші лига командалары арасындағы біріншіліктің ең  соңғы турына келген жанкүйерлердің қарасы қалың болды. Жергілікті аяқдопшылар күннің суығына қарамастан стадионға жиналған жұртты жерге қаратпауға тырысты. Бірінші таймның 33-минутында Павел Кривенцевтің пасынан кейін Максим Драченконың тепкен добы  қақпадан  мүлт кетпеді.

Екінші таймда жерлестеріміз шабуылдарын одан сайын үдетті. Матчтың 54-ші минутында «Қызыл-жар СҚ» құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым баспен гол соқты. «Қызылжарлықтар» мұнымен тоқтап қалған жоқ. Араға 10 минут салып, Ерасыл Аманжол есепті еселей түсті.

Матч бойы алаң иелері қарсыластар қақпасына шабуыл жасады. Ойынның 64-ші минутында Павел Кривенцев гол соқты. Одан кейін Шота Григалашвилидің добы да нысанаға дөп тиді. Кездесудің аяқталуына 10 минут қалғанда Виктор Гунченко мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп 6-0. Осылайша жергілікті ұжым 26 ойында 58 ұпай жинап, бірінші лиганың чемпионы атанды.  
 

ИЛЬДАР АИТОВ, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК КАПИТАНЫ:

Ең біріншіден жанкүйерлерге рахмет айтамын. Күннің суығына қарамастан бізге қызу қолдау көрсетті. Олар жеңісте де, жеңілісте де бізбен бірге. Ойын тартысты өтті. Біз әдеттегідей жақсы ойын көрсетіп, маңызды жеңіске қол жеткіздік. Бірінші лиганың чемпионы атандық. Облыс әкімінің тапсырмасын бұлжытпай орындадық. Ризамын. 

Ойын аяқталғаннан кейін облыс әкімі атынан оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов команданы жоғарғы лигаға шығуымен құттықтады.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осылайша 51 жылдық тарихы бар «Қызыл-жар СҚ» футбол клубы алғаш рет футболдан ҚР Бірінші лига командалары арасындағы біріншіліктің чемпионы атанып отыр.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...