ШҰҒЫЛ! СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ КЕЛДІ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛЖАР-2019» СПАРТАКИАДАСЫ

20:50, 12 қыркүйек 2019

Петропавлда еңбек  ұжымдары арасында «Қызылжар -2019» спартакиадасы басталды. Жарысқа 600-ге жуық әуесқой спортшы қатысады. 14 команда 8 түрден  бабы мен бағын сынап көрмек. Сайыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.  Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне  арна тілшілері де қатысты.

Облыс орталығының  еңбек ұжымдары арасындағы дәстүрлі спартакиада осымен 3-інші  жыл қатарынан өткізіліп келеді. жас мамандармен қатар, еңбек ардагерлері де өз бақтарын сынай алады. Сайысқа қатысушылар шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетика мен тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі және гір спортынан жарысады. Спартакиаданың өткен жылдардан ерекшелігі - биыл  арқан тартудан да мықтыны анықтайды.

АЙСАРЫ ШАКИРОВ, САЙЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

- Биыл біз бұл сайысқа өте жауапкершілікпен дайындалдық. Қатысушы командаларға мандаттық комиссиядан  өту шарттарын күшейтіп,  регламентке де түзетулер енгіздік. Іс-шараның басты мақсаты-әр түрлі спорт түрлері мен  саламатты өмір салтын насихаттау.

Спартакиада бағдарламасы 4 күнге шақталған.  Бірінші күні қатысушы командалар волейболдан және гір көтеру, жеңіл атлетикада сайысады, дойбы ойнайды. Айта кетейік, өткен жылы жалпы командалық еспте  «Радуга» ЖШС ұжымы жеңіс тұғырынан көрінсе, ал «Қызылжар Су» ЖШС қола жүлдені қанағат еткен.

ЕВГЕНИЙ КОКОТКИН, «ҚЫЗЫЛЖАР  СУ» ЖШС КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Біздің команда жалпы командалық есеп бойынша екі дүркін қола чемпиондар. Біз барлығымыз спортты жақсы көреміз. Спорттың 8 түріне құрамында 35 адам бар команданы алып келдік. Осы жылы бірінші орын аламыз ба деген үміттеміз.

Спартакиада қорытындысы  бойынша қатысушылар жеке және жалпы  командалық есепте  грамота, медаль және кубоктармен марапатталады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХК ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ
13:05, 13 қаңтар 2021
«ҚҰЛАГЕР» ХК ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ
Толығырақ...
«QYZYLJAR» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17:25, 8 қаңтар 2021
«QYZYLJAR» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...
С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ  ЖАҢА 100 КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ
17:23, 14 қаңтар 2021
С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА 100 КІТАПП...
Толығырақ...