Биыл Қызылжар ауданында 3 мәдени нысаны көпсалалы мәдени-сауықтыру орталықтарына бейімделді. Соның арқасында аудан орталығы мен екі елдімекенде бұқаралық спортпен айналысамын деушілердің қатары едәуір артқан.
Көпфункционалды тренажерлар мен соңғы үлгідегі фитнес жабдықтар. Бірнеше айдың ішіндегі мұндағы би студиясы заманауи сауықтыру орталығына айналып шыға келді. Бұл жерде кез-келген адам фитнес және иогамен шұғылдына алады. Жаттығулар барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі.
ДИДАР ТІЛЕУ, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- «2020 жылы қызылжар ауданының Бескөл ауылында осындай тамаша зал ашылды. Біз өте қуаныштымыз. Қолымыз бос уақытында әрдайым осында келіп, өзіміздің денемізді шынықтырып отырамыз. Кешкісін жұмыстан кейін, осында достарымызбен келіп отырамыз. Біз өте қуанышытымыз, осындай жағдай жасап бергені үшін. »
Биылғы 2020 жыл Қызылжар ауданының жеңіл атлеттері үшін сәтті болды. Маусым бойы үй жағдайында жаттықса да, көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
ВАДИМ ЛЕВЧЕНКО, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ БЖСМ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
- «Жеңіл атлеттерге қиын жағдайда жаттығуға тура келді. Қазір карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейін 5 адамнан шынығып жатырмыз. Өткен аптада «Жеңіс» спорт мектебінде жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Онда шәкірттерім екінші және үшінші орындарға ие болды.»
Келесі жылы Қызылжар ауданындағы Соколовка, Пеньково және Вагулина елдімекендеріндегі мәдени нысандар да көп салалы мәдени-сауықтыру орталықтарына бейімделмек.