ШҰҒЫЛ! «АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАР БАРЫСЫ-2019

20:22, 7 мамыр 2019

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

- Бүгін А.Винокуров спорт сарайында қазақ күресінен «Қызылжар барысы-2019» турнирі басталды. Оған қатысуға өңіріміздің түпкір-түпкірінен сайдың тасындай іріктелген 30 балуан ниет білдіріпті.

Бұл турнир өңірімізде осымен 7-жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қатысушылар саны да жыл санап артқан.Бағы мен бабы қатар жүретін додада балуандар 90 келі және одан жоғары салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.

ДАМИР БЕКБОСЫНОВ, ТӨРЕШІ

Байрақты бәсекені тамашалауға халық көп жиылды. Жарыстың ашылу салтанатынан кейін нағыз тартыс басталды. Бұл 90-келі салмақ дәрежесі бойынша Аққайың ауданының намысын қорғап келіп отырған Алмат Қонақбаевтың күресіп жатқан сәті. Спортшы көп жылғы жаттығуларының арқасында сәтті өнер көрсетіп, келесі айналымға жолдама жеңіп алды.

АЛМАТ ҚОНАҚБАЕВ, БАЛУАН, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ

Ал келесі болып боз кілемге 130-келі салмақ дәрежесі бойынша ТайыншалықРустам Жұмаев шықты. Ол қарсыласын таза жеңіп, екінші айналымға еш қиындықсыз өтті. Тәжірибелі балуан соңғы рет «Қызылжар барысы» турниріне 2015 жылы қатысыпты.

РУСТАМ ЖҰМАЕВ, БАЛУАН, ТАЙЫНША АУДАНЫ

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Қызылжар арландары» спорт клубының мүшесі, қазақ күресінен әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы, «Қазақстан барысы-2014» республикалық турнирінің алтын белбеу иегері Мұхит Тұрсынов жеңіп алды. Тәжірибелі спортшыға алтын белдік пен 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықты өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов табыстады. Екінші орынға Петропавлдық Ернар Бегайдаров ие болды. Ол 300 мың теңгені иеленді. Ал үздік үштікті Уәлиханов ауданынан келген Алтынбек Аусағитов қорытындылады. Оған 200 мың теңге берілді. Енді 8 маусым күні Нұрсұлтан қаласында өтетін республикалық «Қазақстан барысы» жарысында облыс намысын Мұхит Тұрсынов пен Ернар Бегайдаров қорғамақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
17:57, 20 мамыр 2019
СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...