ШҰҒЫЛ! БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАР БАРЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

15:16, 8 мамыр 2019

А.Винокуров спорт сарайында қазақ күресінен дәстүрлі «Қызылжар барысы-2019» облыстық турнирі ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа өңіріміздің 30 балуаны қатысты. Бағы мен бабы қатар жүретін додада қара күш иелері 90 келі және одан жоғары салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Қызылжар арландары» спорт клубының мүшесі, қазақ күресінен әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы, «Қазақстан барысы-2014» республикалық турнирінің алтын белбеу иегері Мұхит Тұрсынов жеңіп алды. Тәжірибелі спортшыға алтын белдік пен 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықты өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов табыстады. Екінші орынға Петропавлдық Ернар Бегайдаров ие болды. Ол 300 мың теңгені иеленді. Ал үздік үштікті Уәлиханов ауданынан келген Алтынбек Аусағитов қорытындылады. Оған 200 мың теңге берілді. Енді 8 маусым күні Нұрсұлтан қаласында өтетін республикалық «Қазақстан барысы» жарысында облыс намысын Мұхит Тұрсынов пен Ернар Бегайдаров қорғамақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
17:57, 20 мамыр 2019
СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...