ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛЖАР СК» КЛУБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІ

17:29, 2 шілде 2020

Футболдан Қазақстан Премьер Лигасының ойындары жанданды. Ел біріншілігінің 3-туры аясында «Қызылжар СК» клубы өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпес» командасын қабылдады. Әзірге, қос құрама да турнир  кестесінде соңғы орындарда келеді. Сондықтан, осы жолғы кездесу екі клуб үшін де қажетті 3 ұпайды еншілеуге таптырмас мүмкіндік берді. Карантиндік талаптарға сәйкес, ойын жанкүйерлерсіз өтті. Дегенмен, чемпионат «Qazsport»  телеарнасының ресми сайтында онлайн көрсетілді. Бұл мүмкіндікті әріптесім Аманжол Нұртазин пайдаланып, текетіреске толы матчты тамашалады.

«Қызылжар СК» мен «Оқжетпес» клубтары арасындағы ойын басталысымен жергілікті команда ойын тізгінін өз қолдарына алуға тырысты. Алайда, бірнеше жыл қатарынан үздіксіз Премьер Лигада өнер көрсетіп жүрген көкшетаулық құрама тәжірибесі арқасында алаң иелерін қыспаққа алды. Қызылжарлықтардың қақпасына қауіпті соққыларды жаудыртқан шабуылшылар, ақыры дегендеріне дейін жетті.      

Есепте алға шыққан қонақтар қарқындарын бұдан да еселей түсірді. Алайда, есеп ойынның 44-ші минутына дейін өзгермеді. Бірінші таймның соңында Габриэль Энаке таблодағы сандарды теңестірді.

Екінші таймда  ойын өрнегі өзгерді. Нәтижесіз шабуылдаған «Оқжетпесті» қарсы шабуылда күтіп алған қызылжарлықтар есепте алға шықты. Бұл жолы қорғаныста сәтсіз ойнаған Пламен Димов өз қақпасына гол соқты.  

«Оқжетпес» қақпасына дарыған доптан соң, «Қызылжар СК» клубы одан сайын қарқындарын үдете түсті. 87-ші минутта қақпашы мен қорғаушының әдемі алдаған Тимур Мульдинов кездесуде нүкте қойды. Қорытынды есеп 3-те 1. Осылайша, жергілікті құрама лигада алғашқы жеңістеріне жетті.

 

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
17:24, 6 тамыз 2020
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...