ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

МЕЙБУКАН ГОДЗЮ-РЮ КАРАТЕ-ДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

17:55, 6 мамыр 2019

Сәуірдің 30-ы мен Мамырдың 3-і аралығында Петропавлда жасөспірімдер арасында Мейбукан годзю-рю карате-додан республикалық ашық чемпионатөтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр аймағынан 200-ден астам спортшы келді. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында Мейбукан годзю-рю карате-до федерациясының президенті Нұрлан Әбдірайымұлының басшылығымен жаттықтырушылар арасында республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті.

Мейбукан годзю-рю карате-додан республикалық ашық чемпионат осымен 5-жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Басты мақсат - ел намысын қорғайтын спортшыларды іріктеп алу.

ЕВГЕНИЙ МАКСИМОВ, МЕЙБУКАН ГОДЗЮ-РЮ КАРАТЕ-ДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Биылғы турнир Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды.Мейбукан годзю-рю карате-додан республикалық ашық чемпионат жыл санап дамып келеді. Бұл қуантарлық жағдай.  Жас спортшылардың аяқ алысы жаман емес.Оларға сәттілік тілеймін.

Аталмыш чемпионатқа  200-ден астам спортшы қатысты. Кумитэ бағдарламасы бойынша бірінші орынды «Бусидо» клубы жеңіп алды. Екінші орынға «Мусуби» клубы жайғасса, үштікті «Сакура» клубы қорытындылады. Ал «Ирикуми-дзю» бағдарламасы бойынша жалпы командалық есепте алтын медальді СҚО құрамасы жеңіп алды. Екінші, үшінші орынға Қызылжар ауданы мен Қостанай қаласының саңлақтары жайғасты.

АЛТАФ АХМАД, №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Каратемен 4 жыл бойы айналысып келемін. Карате маған қатты ұнайды. Оның арқасында тәртіпке үйренесін. Биылғы чемпионат мен үшін сәтті өтті. Өйткені мен чемпион атандым. Қуаныштымын.

ХАДИС АХМАД, №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Мен каратемен 7 ай көлемінде шұғылданып жүрмін. Бұл менің ең бірінші үлкен жарысым деуге болады. Нәтижем де жаман емес. 4 алтын медальға қол жеткіздім.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар табысталып, ұлттық құрама сапына қабылданды. Енді олар Одесса қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалмақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар