ШҰҒЫЛ! ҚР МЕМЛЕКЕТТIК АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫ ПЕТРОПАВЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖАРЫСЫ

17:53, 18 маусым 2018

Облыстың мемлекеттік қызметкерлері дәстүрлі спартакиадаларын өткізді. 2 күн бойы бақтарын жарыс жолында сынаған мыңға жуық маман, спорттың 6 түрінен қатысты. Биылғы спараткиада ҚР мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы мен Астананың мерейтойына арналды. Спартакиада нәтижесі бойынша аудандар арасында Шал ақынның қызметкерлері көп ұпай жинап, көш бастады. Атқарушы органдар арасынан облыс әкімдігі аппаратынң құрамасы бірінші орын алса, күш құрылымдарынан ішкі істер депаратментінің спортшылары алдыңғы қатардан көрінді. Ал аймақтық органдар ішінен Мемлекеттік кіріс депаратментінің командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында жылда ұйымдастырылатын спартакиадаға биыл 42 құрама қатысты. Олардың барлығы спорттың 6 түрінен  бақтарын сынады. Маусымның он алтысы басталған доданың салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысып, мамандарға сәттілік тіледі.

АНТОН ФЕДЯЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сіздерді спорт мерекесімен құттықтаймын.  Аталмыш шара мемлекеттік қызметкерлер арасында ұжымдық  жігерді қалыптастырып, жеңіске деген ұмтылыс, оларды біріктіре түседі деген үміттемін. 

Биыл спартакиаданың ережесі сәл өзгерген. Күш құрылымдары өзара бақ сынаса, департамент, басқармалардың қызметкерлері бір-бірлерімен жарыс алаңына шықты. Ал аудан құрамалары ішінара мықтыларды анықтады. Сонымен спартакиада жалауы көтерілді, мемлекеттік органдар арасындағы дода басталды. Облыс әкімінің бас инспекторы Алтай Сейітов гір көтеруге қатысты. 16 келіні 5 минут ішінде 126 рет көтеріп, жеңіске жетті.

АЛТАЙ СЕЙІТОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ:

- Былтырлары Жамбыл ауданында қызмет еткенде, Жамбыл ауданынан жарысқа қатысып едім, сол кезде аудандар арасынан 124 рет көтеріп, 3-ші орынға ие болғанмын. Биыл облыс әкімдігі аппараты атынан қатысып,126 рет көтеріп, бірінші орынға ие болып отырмын. Жалпы осындай жарыстарға қолданкелгенше қатысып отырамын.

Үстел теннисінде алғашқы ойынын өткізген  Берік Күдеровте  жеңіске жетті. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының намысын қорғауға шыққан ол, спартакиадада жүлдеден үмітті.

БЕРІК КҮДЕРОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ,  ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Жарыс ұжымды одан сайын біріктіре түседі. Өткен жылы біз 3-ші орын алған болатынбыз. Биыл көрсеткіштерімізді  жақсарта түсіп, көшбасына шыққымыз келеді. Мен өзім осы жолы үстел тенисінен қатыстым. Ұжымымызда адам аз, Сондықтан бір маман спортың бірнеше түрінен қатысып жатыр. Үлгерсем футбол ойнауға барамын.

Мемлекеттік қызмкеткерлер спартакиадасының аясында «ата-анам және мен –спорттық отбасы» іс-шарасы өткізілді. Оған қызметкрелермен қатар,олардың жанұялары да қатысты. Жүлделі орындардан басқа, араларынан Жеңіске деген жігер, белсенді отбасы, ынтымақты, жігерлі , шебер жанұя сынды аталымдар бойынша да үздіктер анықталды.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

3Х3 БАСКЕТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
22:18, 17 қыркүйек 2018
3Х3 БАСКЕТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
ҮЗДІК БОКСШЫЛАР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
22:15, 17 қыркүйек 2018
ҮЗДІК БОКСШЫЛАР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПОРТТЫ СҮЙЕТІН  БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
22:12, 17 қыркүйек 2018
СПОРТТЫ СҮЙЕТІН БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Толығырақ...