ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17:58, 11 қаңтар 2019

Петропавлда «Мен чемпион» жарысының қалалық іріктеу кезеңі  басталды. Мектеп оқушыларынан құралған 27 команда жарыс алаңына шығып, өз күштерін сынауда.  Қалалық іріктеу кезеңінен үздік нәтиже көрсеткен топ облыстық турға жолдама алады. Қай мектеп спортшылары жақсы нәтиже көрсетуде? -  арнамыздың  тілшілері тарқатады.

Саламатты өмір салтын насихаттайтын ойын оқушылар арасында танымал.  Осымен қатарынан 5- жыл өткізіліп отырған «Мен чемпион» сайысының қалалық іріктеу кезеңі 2 күнге жоспарланған. Түрлі кедергілерден өтіп, өз күштерін дәлелдеген топ қана облыстық кезеңге  жолдама алады. Сайыс  ережесі бойынша 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер ғана қатыса алады

ҚУАТ ХАЙРУЛИН, БАС ТӨРЕШІ:

- Қазіргі іріктеу ойынында оқушылар 5 кезеңнен өтеді. Біріншісі денені қыздыру жаттығулары болса, екінші баскетбол, үшінші кезең ұлдар арасында арқан тарту, төртінші қыздар секіртпеден серіреді, және соңғысы капитандар сайысы.Капитандар өз ара күш сынасатын болады. 

«Дарын» мектеп-гимназиясының оқушысы Мадияр Күтенов жарысқа осымен екінші жыл қатарынан қатысып отыр. Спортты серік еткен оның арманы -  болашақта осы саланың үздігі атану. Алғашқы минуттардан ақ қарсылас командаларын шаң қаптырып, ақтық кезеңге өткен дарынды баланың айтуынша жеңіс оңайға түспеген.

МАДИЯР КҮТЕНОВ, «ДАРЫН» МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Өте қиын болды. Басында біз уақыт бойынша жеңіліп келе жаттық. Бірақ барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жеңіске жеттік. Біздің команда мүшелері жеңеміз деп  бір-бірімізге уәде бергенбіз. Сондықтан да қолымыздан келгенін жасаймыз. Ал басқа қатысушы командаларға тек қана сәттілік.

Айта кету керек, «Мен чемпион» сайысының облыстық кезеңі наурыз айына жоспарланған. Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен топ кубоктармен және мадақтамалармен марапатталатын болады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
17:58, 20 наурыз 2019
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
19:16, 12 наурыз 2019
ШАҒЫН ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...