ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

Н. ҚАЛИАСҚАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

18:05, 9 желтоқсан 2019

Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясында Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, жерлесіміз Нұржан Қалиасқаровты еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі өтті. 1996 жылдан бері жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жарысқа бұл жолы облыс аудандарынан 13 команда қатысты. Шара барысында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жерлестерімізге шапан кигізілді. Оған қоса, ақшалай сый-сияпат жасалды.

Нұржан Қалиасқаров 1986 жылы Алматыдағы сәулет-құрылыс институтында оқып жүріп, Желтоқсан оқиғасына қатысқан.  Сол жерде ауыр дене жарақатын алып, салдарынан сырқатқа ұшырап, бірнеше жылдан кейін қайтыс болды. Оны еске алуға арналған  волейболдан облыстық турнир осымен 23-рет өткізіліп отыр. Шара барысында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жерлестерімізге шапан жабылды. Оған қоса, ақшалай сый-сияпат жасалды. Айгүл Қазиева да Желтоқсан оқиғасына қатысқан.

АЙГҮЛ ҚАЗИЕВА, ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Бұл жарысты 1996 жылдан бері Н.Қалиасқаров атындағы «Желтоқсан» қоры өткізіп келеді.

ӨМІР ЕСҚАЛИ-, Н. ҚАЛИАСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ «ЖЕЛТОҚСАН» ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биыл сайысқа Қызылжар, Жамбыл, Аққайың мен Петропавл қаласының құрамалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ойын тартысты өтті.

РОМАН НИКЛЯУС, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Бұл жарысқа мықтап дайындалдық. Жаттығулар аптасына екі мәрте жүргізілді. Барлық қарсыластардың дайындығы жақсы. Осы турнирдің ұйымдастырушыларына алғасымыз шексіз. Осымен 3-рет қатысып отырмын. Биыл №17 орта мектептің намысын қорғадым.  

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды №17 орта мектебінің «Искра» құрамасы жеңіп алды. Екінші орын Қызылжар ауданына бұйырса, үштікті Қожаберген Жырау атындағы №6 орта мектебінің спортшылары місе тұтты. Жеңімпаз командаға облыстық полиция Департаментінің бастығы Марат Төлебаев тіккен плазмалы теледидар тарту етілді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
17:24, 6 тамыз 2020
СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАРДЫ ҚАПЫ ҚАЛДЫРАТЫН КЕЙУАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...