ШҰҒЫЛ! КӨКТЕМ ЕРТЕ КЕЛЕДІ Толығырақ

О. АЛЕКСЕЕНКОНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

13:10, 21 қазан 2019

Петропавлда шинкиокушинкай каратэ спортынан жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өтті. Өз жеңістерін жас каратешілер облысымызда спорттың осы түрінің негізін қалаған   Олег Алексеенкоға арнады. Толығырақ тілші бейнематериалда.

6 мен 13 жас аралығындағы спортшылардың басын қосқан додаға 150 адам қатысты. Қазақстан мен Ресей қалаларынан жиналған каратешілердің арасынан мықты олимпиада жүйесі арқылы анықталды.  

РУСЛАН СӘРСЕНБАЕВ, БАС ТӨРЕШІ:

- Турнир саламатты өмір салтын насихаттау, спорттың осы түрін дамыту мақсатында өткізіліп жатыр. Балалардың белсенділігі жоғары.  

Солтүстік Қазақстан облысында шинкиокушинкай каратэсінің дамуына жерлесіміз сенсей Олег Алексеенко елеулі үлес қосқан. Ізбасарлары оның ісін жалғастырып, спортты дамытып келеді. Қалалық ашық турнирді ұстаздарының құрметіне арнады. Сенсейдің жұбайы мен әкесі шараның құрметті қонақтары ретінде шақырылды. 

ЖАННА АЛЕКСЕЕНКО, О. АЛЕКСЕЕНКОНЫҢ ЖҰБАЙЫ:

- Олегтің құрметіне жыл сайын турнир өткізіледі.  Ұстаздарының есімін, оның еңбегін ұмытпай, ізін жалғастырып жатқанына ризамын. 

Жарыстың нәтижесінде қалалық құрама команда құрылды. Үздіктерден жасақталған топ болашақта спорт алаңдарында Петропавл намысын қорғайтын болады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚҰСБЕГІЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
20:50, 24 ақпан 2020
ҚҰСБЕГІЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...