ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА

13:08, 19 қыркүйек 2019

Облыс орталығында оқушылар арасында шағын футболдан қалалық спартакиада өтіп жатыр. Жыл сайын ұйымдастырылатын додаға биыл 37 команда қатысуға ниет білдіріпті. Олар 4 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтау үстінде. Дүбірлі доданың мақсаты- саламатты өмір салтын насихаттау. Толығырақ әріптесім Нұрбол Балғабеков айтып берсін.

Шағын футболдан оқушылар арасындағы спартакиада жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы сайыста 300-ден астам аяқдопшы жасанды жасыл алаңда өз бақтарын сарапқа салып жатыр. Негізі, аталмыш дода қыркүйектің 16-сы күні басталған.

РИНАТ АМИНОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:
 

- Барлық құрамалар мықтап дайындалған. Қатысушылардың саны да жыл санып артып келеді. Әзірге, қай команда жеңіске жететінін дөп басып айту қиын. Бірақ, барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Аталмыш сайыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған гимназия интернатының оқушылары әзірге турнирлік кестеде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Олар жарыс аясында 3 ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Былтыр үшінші орыннан көрінген команда, биыл бірінші орынға таласпақ ниетте.   

АМАНГЕЛДІ БЕКЗАТ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Бүгінгі ойын жалпы тартысты өтті. Біз Ә. Досмұхамбетов мектебі «Бест» мектебімен ойнадық. Жалпы, осы ойынға жақсы дайындалдық. Біз өз дайындығымызды жақсы көрсеттік деп ойлаймын.  Себебі біз үш ойын ойнадық. Үшеуінде де жеңіске жеттік.

Аталмыш спартакиада қыркүйектің 22-не дейін жалғасады. Үздіктер қатарынан көрінгендерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

А. ВИНОКУРОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
13:05, 14 қазан 2019
А. ВИНОКУРОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар