ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ 6 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

13:10, 11 қыркүйек 2020

Бүгінгі күні 176 мыңнан астам солтүстікқазақстандық дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұқаралық спортты, саламатты өмір салтын дамыту үшін облыста бірқатар іс-шаралар ҚОЛҒА АЛЫНҒАН. Мәселен  алты ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр.

Жыл басынан 42 мыңнан астам адамды қамтыған 192 спорттық іс-шара өткізілді. Солардың бірі «Солтүстік-2020» қысқы спорттық мерекесі. Оған биыл 13 ауданнан 400-ге жуық спортшы қатысқан. Ал, жаз мезгілінде өтуі тиіс болған «Ақбидай-2020» спартакиадасы коронавирус індетіне байланысты келесі жылға қалдырылды. Карантин кезінде де спортшыларымыз  үйлерінде отырып спортпен шұғылдануды ұмытпаған.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Карантин кезінде спортшыларымыз республикалық Бізбіргеміз челленджін қолдап, үйлерінде жаттығулар жасап фэйсбукке салып отырды. Осының арқасында жерлестеріміз саламатты өмір салтын ұстануды ұмытқан емес.

Жалпы қазіргі таңда өңірде 27 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, 9 спорт клубы, 34 аула клубы бар. Сонымен қатар, шалғай аудандарда саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы да жүріп жатыр.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Қзіргі кезде Айыртау, Аққайын, Шал ақын, Жамбыл, Есіл және Тайынша аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. Оларды жылдың аяғына дейін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың тапсырмасымен аудандардағы мәдениет үйлерін спорт нысандарына қайта бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осының арқасында біз ауылды жерлердегі тұрғындарға еш қиындықсыз дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік жасаймыз.

Дене шынықтырумен белсенді түрде айналысу үшін облыста 3 мыңға жуық спорт нысаны бар. Өңірде спорттың 82 түрі кең дамыған.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХОККЕЙ КЛУБЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА 3 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
20:53, 26 қазан 2020
«ҚҰЛАГЕР» ХОККЕЙ КЛУБЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА 3 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...