ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:44, 4 қаңтар 2019

Солтүстік Қазақстан Облысында спорттық акробатика соңғы жылдары даму үстінде. Бүгінгі күні мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 300-ге жуық тәрбиеленуші бар. Бұл - облыс бойынша осы спорт түрінен балаларды дайындайтын жалғыз мектеп. Тақырыпты әріптесім Нұрбол Балғабеков жалғайды.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

- Акробатика осыдан 2300 жыл бұрын Ежелгі Мысырда Грекияда пайда болды. Кейіннен 1933 жылы Қазақстанға келе бастады. Жалпы бұл спорт түрімен Қазақстанда 280-нен астам ұл мен қыз шынығып жүр.

Александр Шашков - 15 жаста. Ол бұл спорт түріне осыдан 10 жыл бұрын келіпті. Айтуынша алғашқы кезде қиын жаттығуларды орындау оңай болмаған. Ал  уақыт өте келе жас спортшы көпжылғы еңбектің арқасында спорттық акробикадан ҚР спорт шебері атағын орындап шықты.

АЛЕКСАНДР ШАШКОВ, СПОРТШЫ:

- Мені спорттық акробикаға осыдан 10 жыл бұрын әкем әкелді. Сол күннен бастап осы спорт түрін жақсы көріп кеттім. Жалпы осы уақыттың ішінде көптеген ірі жарыстарға қатысып, биік белестерді бағындырдым. Жаттықтырушыларыма және ата-анама рахмет. Олардың арқаларында мен осындай дәрежеге жетіп отырмын.

Солтүстік Қазақстан Облысында бұл спорт түрі 1967 жылы келді. Қазір жасөспірімдерді әзірлейтін арнайы мектеп бар. Оның тәрбиеленушілері жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Жалпы, Қазір сполрттық акробатика еліміздің 9 аймағында жақсы дамып келеді.

РИНАТ БЕЛОГОНОВ, СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКАДАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БЖСМ ДИРЕКТОРЫ:

- Спорттық акробикамен айналысамын деушілердің саны көп болмаса да аз емес. Айта кету қажет бұл спорт түрі еңбекті қажет етеді. Біздің мектепте  спорттық акробатикадан  халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, сондай-ақ,  ҚР спорт шебері атағын орындап шыққан спортшылар бар. Алға қойған жоспарларымыз көп. Тек қана аянбау еңбек етіп тер төгу қажет.

Акробатшылар қазір 12-ші қаңтар күні Петропавл қаласында  өтетін ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Анатолий Ямпольскийдің құрметіне арналған халықаралық турнирге дайындалып жатыр.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
20:48, 14 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...