ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ

13:08, 25 қыркүйек 2020

Өңірде соңғы жылдары спорттық акробатика дамып келеді.  Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектептерінде 300-ге жуық ұл-қыз тәрбиеленуде. Тіпті кезінде түрлі халықаралық ареналарда ел намысын сәтті қорғап жүрген жерлес спортшылармыз әлемге танылған Дюссалей циркінің құрамында өнер көрсетіп жүр.Облыстағы осы спорт түрінен балаларды дайындайтын жалғыз мектептің қазіргі тыныс-тіршілігімен әріптесім Майгүл Сейілбек танысып қайтты.

Спорттық акробатикадан ҚР спорт шебері, бірнеше халықаралық және республикалық додалардың жеңімпазы Александр Шашковтың жасы 17-де. Оның бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 10 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында техникасы ауыр элементтерді шебер меңгерген бозбала болашақ өмірін акробатикамен байланыстыруды жоспарлап отыр. Александр карантин кезінде де жаттығуларын қалдырмаған. Таңғы 6да жүгіріп, үйінде достарымен әлеуметтік желілер арқылы дене шынықтырумен айналысқан.

АЛЕКСАНДР ШАШКОВ, СПОРТШЫ:

- 2019-шы жыл  біздің құрама үшін жемісті болды. Көптеген сайыстарға барып, жүлделі орындарға ие болдық. Мәселен, өзім бірнеше дүркін Қазақстанның Чемпионы атандым. Сонымен қатар, қазан айында Португалияда өткен халықаралық додада күміс медалді қанжығама байладым. Ал, биыл ақпан айында жарыс өтті, біз жақсы нәтиже көрсеттік. Кейін елде Төтенше жағдай режимі енгізіліп, барлық спорттық шаралар тоқтатылды. Соған қарамастан бір де бір күнімізді жоғалтпай дайындықты тоқтатқан жоқпыз. Бүгінгі күні біз жаңартылған ғимаратта өз оқу-жаттығуымызды  бастап кеттік.

Биыл «Еңбек» бағдарламасының аясында, балаларды спорттық акробатикаға үйрететін білім ошағы жаңа құрылғы сатып алуға мүмкіндік алды.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Бүгінгі күні 176 мыңнан астам жерлесіміз дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады. Ол үшін өңірде барлық жағдай жасалған. Мәселен, облыста 3 мыңға жуық спорт нысаны бар. Солардың 13-не биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Солардың қатарынада спорттық акробатикадан балалар мен жасөспірімдер мектебі де бар.

Ғимарат 1967ші жылы салынған. Сол себепті биыл күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 22 млнға жуық теңге бөлініпті. Білім ошағының қас беті жаңартылып, терезелер, едені және жарықтандыру жүйесі ауыстырылып, шатыры жаңартылды.

РИНАТ БЕЛОГОНОВ, СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКАДАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БЖСМ ДИРЕКТОРЫ:

- Тәрбиеленушілердің киім ауыстыратын және жуынып-шайынатын бөлмелері жаңартылды. Сонымен қатар спорт залының өзіне де жөндеу жүргізу үшін 3,5 млн теңге бөлінген еді.Мұнда қабырғалар тегістеліп, еден сырланды. Және де заманауи стандарттарға жауап беретін, сапалы акробатикалық жолақ пен батут сатып алынды.Осының барлығы біздің тәрбиеленушілеріміздің сайыстарда жақсы нәтиже көрсетуі үшін жасалып жатқан шаралар.

Қазіргі таңда мектептің 300-ге жуық тәрбиеленушісі жайлы әрі жаңартылған ғимаратта өз жаттығуларына кірісіп кетті. Олар болашақта өтетін додаларға қызу дайындық үстінде.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ-ТҮТІННЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 12 қазан 2020
ГАЗ-ТҮТІННЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...