ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДЫҢ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ КАРАТЭМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

17:25, 25 қараша 2020

Петропавлдың зейнеткерлері  каратэмен айналысып саламатты өмір салтын ұстанады. Бүгінгі күні  бұл спорт түріне 10-нан астам қария қатысуда. Аталмыш үйірмені «Бүкілқазақстандық Киокушинкай Каратэ ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының директоры Владимир Витченко ашқан. Барлық жаттығулар тегін жүргізіледі.  Егде жастағы спортшылармен әріптесім Нұрбол Балғабеков тілдесіп қайтты.

Петропавл қаласының тұрғыны Борис Самусев- 66 жаста. Ол бұған дейін 40-жыл бойы педогогика саласында қажырлы еңбек еткен. Зейнетке шығып, денсаулығы сыр бере бастағаннан соң қария спортпен айналысуға бел буады. Бірақ, «каратэ үйірмесіне келемін деп мүлдем ойламадым», дейді зейнеткер.

БОРИС САМУСЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Осыдан үш жыл бұрын зейнетке шықтым. Бұрындары белім ауырып, аяғым сырқырайтын. Жүріп-тұрудың өзі қиын еді. Каратэ үйірмесіне келгесін денсаулығым жақсарып қалды. Былтыр салмағым 96 келі болатын. Еңбектің арқасында 20 кг ға  арықтаппын.»

Ал Ольга Платоненко «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидатты ұстанады. 65-жастағы әжей киокушинкай каратэге бір жыл бұрын келсе де, жуырда аттестациядан өтіп, көк белбеуді алуға ниетті. Айтуынша, оны бұл спортқа бір жыл бұрын әріптесі ертіп келіпті.

ОЛЬГА ПЛАТОНЕНКО,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Каратэге келгеніме өкінбеймін. Алғашқы жаттығудан кейін бұл спорт түрі маған қатты ұнай бастады. Бапкерімізге алғыс білдіреміз. Соның арқасында қазір өзімді жақсы сезінемін.»

Бүгінгі күні киокушинкай каратэмен 10-нан астам зейнеткер қатысып жүр. Жаттығу аптасына үш рет жүргізіледі. Олармен тәжірибелі каратэші Людмила Бутенко айналысады.

ЛЮДМИЛА БУТЕНКО,  ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- «Барлық жаттығулар тегін түрде өтеді. Егде жастағы спортшылармен жұмыс істеу қиындық тудырған жоқ. Олар әр жаттығуды жібермеуге тырысады. Тіпті, шәкірттерім жуырда киокушинкай каратэден облыстық жарысқа қатысып, ката бөлімі бойынша бірінші, екінші және үшінші орындардан көрінді. Сондықтан біз спортпен шұғылданғысы келетін 60-жастан асқан жандарды осы спорт түріне шақырамыз.

Айта кетейік, 60-жастан асқан қарияларға арналған аталмыш үйірме ел бойынша тек бізде ғана бар.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХК ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ
13:05, 13 қаңтар 2021
«ҚҰЛАГЕР» ХК ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ
Толығырақ...
«QYZYLJAR» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17:25, 8 қаңтар 2021
«QYZYLJAR» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...