ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

«QYZYLJAR» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:25, 8 қаңтар 2021

«Qyzyljar» футбол клубының бас бапкері болып Андрей Карпович тағайындалды. Соңғы екі жылда жас маман Көкшетаудың «Оқжетпесін» жаттықтырған еді. Жергілікті құрама Андрей Владимировичке үлкен сенім артып отыр. Жалпы  биыл солтүстікқазақстандық ұжым алдына қандай мақсат қойып отыр? Бұл жайында әріптесім Нұрбол Балғабеков сабақтайды. 

Былтыр «Qyzyljar» футбол клубын молдовалық маман Вячеслав Руснак жаттықтырған еді. Оның жетекшілігімен «қызылжарлықтар» ел чемпионатында 23 ұпай жинап, турнирлік кестеде 9 орыннан көрінді. Тәжірибелі бапкер желтоқсанда отбасылық жағдайына байланысты командадан өз еркімен кеткен болатын. Ал енді жергілікті ұжымды жас маман Андрей Карпович шынықтыратын болады. Айта кетейік, қаңтардың 6-сынан бастап «Qyzyljar»  құрамасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Петропавлда өткізіп жатыр.

ЮРИЙ ЧУХЛЕБА, «QYZYLJAR» ФК БАС БАПКЕРІНІҢ КӨМЕКШІСІ:

- «Алғашқы оқу-жаттығу жиынына 20 футболшы шақырылды. Қазіргі таңда бапкерлер құрамы жас аяқдопшылардың деңгейін байқап жатыр. Сонымен бірге қаралымда басқа да қазақстандық аяқдопшылар да бар. Екінші оқу-жаттығу жиынына жаттығу үдерісінде өзін жақсы қырынан көрсеткендер ғана аттанатын болады. Биылғы маусымдағы басты мақсатымыз- ел чемпионатында лайықты өнер көрсету. Біз әр ойынға тек жеңіс үшін шығатын боламыз.»

Биыл да команданың басым бөлігі жергілікті футболшылардан құралмақ. Былтыр Виктор Гунченко, Ильдар Аитов, Тимур Мульдинов, Әлібек Қасым сынды ойыншылар ел чемпионатында лайықты деңгейде өнер көрсеткен еді. Биылғы маусымда да оларға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. 

«Оқу-жаттығу жиыны үш күн бұрын басталды. Әзірге жеңіл жүгіріп, бұлшықтарымызды қатайтып жатырмыз. Биылғы маусымда өз алдыма барынша көп гол соғу мақсатын қойып отырмын. Себебі, былтыр жарақатыма байланысты алаңға көп шықпаған едім.

-  «Жаттығу жұмыстары ойдағыдай өтіп жатыр. Бүгін «Qyzyljar» футбол клубының бас бапкері болып Андрей Карпович тағайындалғанын естідік. Ол кісімен мен бұрын жұмыс істеген едім. Андрей Владимирович- мықты маман. Біз онымен бірге көптеген жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.»

Алғашқы оқу-жаттығу жиыны қаңтардың 15-іне дейін созылады. Содан кейін бірден екінішісі басталады. Әзірге ол қай жерде өтетіні беймәлім. Жалпы негізгі құрам наурыз айында белгілі болмақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА РОМАН КРЕЧ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
17:25, 26 қаңтар 2021
КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА РОМАН КРЕЧ ЖҮЛДЕГЕР АТАНД...
Толығырақ...
«ҚҰЛАГЕР» ХК «АЛТАЙ-ТОРПЕДО» ҚҰРАМАСЫН ЖЕҢДІ
17:24, 25 қаңтар 2021
«ҚҰЛАГЕР» ХК «АЛТАЙ-ТОРПЕДО» ҚҰРАМАСЫН ЖЕҢДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...