ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

«QYZYLJAR» ҚҰРАМАСЫ «ОҚЖЕТПЕСТЕН» ҰТЫЛДЫ

13:08, 19 қазан 2020

Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы Премьер-лиганың 13-турында Петропавлдық «Qyzyljar» командасынан басым түсті. Талғар қаласында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Көкшетаулық аяқдопшылар алғашқы минуттардан-ақ допқа ие болып, басымдық көрсетті. Бірақ, «Қызылжардың» жартылай қорғаушысы Шота Григалашвили ойынның 43-минутында қонақтар құрамасының қақпашысы Ярослав Багинскийдің қателігін пайдаланып, үзіліс алдында командасын алға шығарды.

Алайда екінші таймда «Оқжетпестің» ойыншылары таразы басын теңестіріп кетті. 54-минутта Артем Дмитриев пенальтиді сәтті орындады.

Содан кейін де көкшетаулықтар шабуылды үдете түсті. 68-минутта  футболшы Дарко Зорич жеңіс голын соқты.

Осы ойынның қорытындысы бойынша Көкшетаулық футболшылар 11-орыннан тоғызыншы орынға көтерілді. Ал Петропавлдықтар 10-орынға түсіп қалды. «Qyzyljar» футбол клубы қазанның 21-і күні «Тараз» құрамасына қарсы ойнайды. Матч «Qazsport» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖАСТАР КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ
17:27, 11 қараша 2020
ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖАСТАР КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...