ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

«СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ» ЧЕЛЛЕНДЖІ АЯҚТАЛДЫ

17:54, 9 шілде 2018

4-ші маусымда басталған «Сенің жаңа қырың» атты бүкілқазақстандық челленджі қорытындыланды.

Оған  белсенді ат салысқан еліміздің ең үздік спорт мекемелері мен спортшылары марапатталды. Оның қатарында облыстың ІІДденсаулық сақтау басқармасы және тағы   бірнеше мемлекеттік мекеме барҮздік спортшы номинациясына кім лайықтілші тарқатады.

ҚР Тұңғыш Президенті саябағында халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында қолға алынған «Сенің жаңа қырың» атты челеджінің соңғы жаттығуы жасалды. Оған қала тұрғындары белсене атсалысып, облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет күнделікті спортпен айналысуды жалғастыра беруге шақырды. Жалпы Елбасының бастамасын өңір тұрғындары қолдап, ең белсенді облыстардың қатарына енді.

РУСЛАН ЕСЕНАЛИН, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Челленджге барлық қазақстандық белсене атсалысты және бұл арқылы спортты насихаттап, 

салауатты өмір салтын сақтауға бір қадам жақындады деп айтуға болады. 

Ал СҚО бұл бастаманы қолдаған алдыңғы қатарлы өңір болды деп айтуға болады. Өйткені челленджге 30 мыңнан астам жерлесіміз қолдау білдірді.

Ұйымдастырушылар бұл күні ең үздік спорттық мекеме номинациясына облыстық ІІД, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасы лайық деп танылып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ал кикбоксингтен Қазақстанның спорт шебері Арман Жәміш «Ең белсенді қатысушы» деп танылды.

АРМАН ЖӘМІШ, КИКБОКСИНГТЕН ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ:

- Елбасы қолдаған «Другой ты» челенджі бағдарламасында 21 күнде әртүрлі спортпен шұғылданып, осы бүгін жеңіске жетіп отырмын. Өзім спорт саласында жұмыс істеймін. Мені қолдап, маған сенім артқандардың бәріне рахмет.

Жалпы спорттық жоба маусымның 4-і мен 25-і аралығында күнделікті спортпен айналысуға шақырған болатын. Ұйымдастырушылардың сөзінше бұл тұрғындар үшін әрі қарай да күнделікті әдетіне айналары сөзсіз.

Самат САПАРАЛЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, сенің жаңа қырың, акция

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...